💡ЕЛІМІЗДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ” БАСТАУ АЛДЫ.

🔰Бүгін Сарыағаш аудандық мәдениет үйіне Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігінің Тәрбие және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Асқарбекқызы арнайы іс-сапармен келді.

🔰Сарыағаш және Келес аудандық
білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында семинар болып өтті.

🔰Жаңа оқу жылының басында күшіне енген бұл жаңашыл бағдарламаның мақсаты “Ұлттық мүдде” , “Ар-ұят” , “Талапты”негізге ала отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ел бірегейлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға білімді, адал ұрпақты тәрбиелеуді көздейді.

🔰Сарыағаш медресе колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ержан
Хайруллаұлы аталмыш семинарға қатысып, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыра түсті.

Related Post

Діни сауат ашу курсыДіни сауат ашу курсы

Бисмилләһир рахманир рахим. Әссәләму алейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһу! Сарыағаш медресе колледжінің жанында ашылған «діни сауат ашу» курсына шақырамыз.(Ер адамдар үшін) Келушілер назарына!!! Құжаттар тізімі: 1.Төлқұжаттың түп нұсқасы және көшірмесі

Бір көзді анаБір көзді ана

Анамның бір-ақ көзі болатын. Оны жек көретінмін, себебі оның бұл жағдайы мені қатты ұялтатын. Үйдегілерді бағып-қағу үшін мектепте аспазшы боп жұмыс істейтін. Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мені көруге келген еді,