2023-2024 оқу жылына қабылданған жас талапкерлердің ата-аналарына “Сарыағаш медресе колледжін” таныстыру жиыны өтті

2023-2024 оқу жылына қабылданған жас талапкерлердің ата-аналарына “Сарыағаш медресе колледжін” таныстыру жиыны өтті post thumbnail image

Ата-ана мен байланыс орнату, шәкірттердің үлгерімі мен тəртібін заңды өкілдеріне дер кезінде хабардар ету бүгінгі күні білім беру ұйымдарының мақсатты жұмысы.

🔰Дәл осы себепті бүгін 2023-2024 оқу жылына қабылданған жас талапкерлердің ата-аналарына “Сарыағаш медресе колледжін” таныстыру жиыны өтті.

🔰Іс-шараға колледж директоры Дінмұхаммет Абдужаппарұлы, колледж әкімшілігі, топ жетекшілері және жалпы ата-аналар қатысты.

🔰Жиналыста күн тәртібіндегі бірнеше мәселелер қаралды: 1. Ішкі тәртіп ережесі; 2.Кітап және қосымша сабақтар; 3. Тамақтану, күнделікті ас мәзірі сонымен қатар сырттан тамақтану; 4. Форма және телефон өткізу жөніндегі мәселелер қаралды.

🔰Оқу ордасының білім беру бағдарламасындағы жаңа өзгерістер жайында ақпараттар айтылды.

🔰Сондай-ақ ата-аналар тарапынан да қатысушылар сөйлеп, болашақ маман дайындауда ауқымды жұмыстар атқарып жатқан медресе колледж ұжымына алғысын білдірді. Жиын соңында колледж басшысы бəсекеге қабілетті тұлға, дініне, еліне қызмет етер шәкірт даярлауда ата-аналарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Related Post

✅Құрметті мұсылман бауырлар!Сіздерді Сарыағаш медресесінің шәкірттеріне құрбандық малына үлес қосуға шақырамыз.✅Құрметті мұсылман бауырлар!Сіздерді Сарыағаш медресесінің шәкірттеріне құрбандық малына үлес қосуға шақырамыз.

🐂 ірі қара 300 000-500 000тг.🐏🐐қой,ешкі 50 000-100 000тг. Шалған құрбандықтың еті 1000 баланың тамағына, біліміне кетеді. 🤳құрбандығыңыздың видеотчеті жіберіледі. Kaspi Gold +7 775 239 39 75 Ерлан.Х. WhatsApp Байланыс

Түркістан қаласында самбо күресінен ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.Түркістан қаласында самбо күресінен ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.

Аталған байрақты бәсекеде әріптесіміз, Сарыағаш медресе колледжінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Байғараев Мұрат Қуатбекұлы да сынға түскен болатын. Аталған байрақты бәсекеде Мұрат Қуатбекұлы  жүлделі ІІІ-орынды иемденіп қайтты.