Рамазан айын анықтау

С: Рамазан  оразасы  қалай анықталады?

Ж: Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): « Айды көріп ораза ұстаңдар және Айды көріп оразаны ашыңдар, ал аспан бұлтты болып Ай көрінбесе шағбан айын отыз күн етіп толтырыңдар», — деген.

Демек, шағбан айының жиырма тоғызыншы күні кешкісін рамазан айының шығуын көру мұсылмандарға уәжіп. Ал аспан бұлтты болса шағбан айын отыз күн етіп толтырып, сосын  рамазан оразасын ұстайды.

С: Айды көруге бұлт кедергі болғандықтан шағбанның жиырма тоғызына бір кісі Айды көргендігі туралы куәлік берсе, куәлігі қабыл бола ма?

Ж: Рамазан  айын көргендігін хабарлаған адам еркек, әйел, құл болсын шынайы мұсылман болса, куәлігі қабылданады.

С: Ал аспан бұлтты болмаса, жиырма тоғызна Ай көргендігіне бір немесе екі адам куәлік берсе, қабылданама?

Ж: Жоқ. Мұндай  жағдайда Айды көпшілік көрмейінше куәлік қабылданбайды.

С: Бұл мәселелер  рамазан анықтау туралы айтылды. Ал айт күні қалай анықталады?

Ж: Аспан бұлтты болғандықтан пітір айт айы көрінгендігі жөнінде имам немесе қази кемінде тек екі кісінің немесе бір кісі мен екі әйелдің куәлігін қабылдайды. Ал аспан бұлтты болмаса  куәгерлер көпшілік болмай куәлік қабылданбайды.

С: Бір адам тек жалғыз өзі рамазан немесе айттың айын көрсе, бірақ имам оның куәлігін қабылдамаса, не істейді?

Ж: Ол рамазан айын көрген болса жалғыз өзі болса да ораза ұстайды. Ал айт айын жалғыз өзі көрген адам елмен бірге ораза ұстайды. Оның ол кездегі айды көргендігі амалға аспайды.

Related Post

Еркін күрестен облыстық ашық турнирЕркін күрестен облыстық ашық турнир

Өткен апта соңында «Сарыағаш медресесінде» 1996 жылдан бастау алған «Еркін күрестен» облыстық ашық турнир болып өтті. Турнирге ОҚО аудандарымен Алматы, Тараз қалаларынан ТМД елдерінен Азербайжан республикасынан да балуандар жиналып 23-24

⚜️Ұлттық мереке ұлықталды!⚜️Ұлттық мереке ұлықталды!

🔰25-қазан “Республика күніне” орай Сарыағаш медресе колледжінің 1-4 курс студенттері және медресе ұстаздары ашық аспан астында сап түзеп мемлекеттік әнұранды орындады. 🔰Салтанатты сап түзеу жиынында медресе колледжіміздің директоры Сманов Дінмұхаммет