АУДАН ӘКІМІ САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТЫНЫС ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

Аудан әкімі Арман Айдарұлы Сарыағаш медресе колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты. Оқу ғимараттарының білім беру стандарттарына сәйкес келуімен және соңғы үлгідегі әрбір аудиторияларға кіріп, студенттердің қаншалықты білім алып жатқанын өз көзімен көрді.

Сондай-ақ оқу ордасының басшылық ғимаратымен де танысқан аудан әкімі оқу бөлімімен бірге арнайы білім беру пәндер кафедрасының қызметімен де танысып, өз ақыл кеңесін берді.

Медресе – діни руханияттың қайнары, еңбексүйгіштік, мейірімділік, патриотизм сияқты адамгершілікке үндейтін құндылықтарға бағытталған.

Діни қызметкерлер жастарға осы құндылықтардың мағынасын, конфессияаралық диалог негіздерін түсінуге баулиды. Қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты қамтамасыз ету арқылы ғана біз халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндігіне қол жеткізе аламыз,-деді аудан әкімі.

Аталмыш медресе колледжінің директоры Дінмұхаммед Сманов аудан әкіміне алдағы уақытта медресенің білім сапасы, оқу бағдарламасына қатысты атқарылар іс-шаралар мен игі қадамдар жайында ой бөлісті.

Сонымен қатар, аудан әкімі «Сатыбалды Әбішұлы» атындағы Ислам орталығына барып, құлшылық ордасының жұмысымен танысты. Аудан әкімі мешіт аумағын аралап, көркейту бағытында жасалған жұмыстарды көзден кешіріп, игі іске сәттілік тіледі.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Related Post

⚜️Сарыағаш медресе колледжімізде шағын футболдан “Колледж лигасы” бастау алды!⚜️Сарыағаш медресе колледжімізде шағын футболдан “Колледж лигасы” бастау алды!

🔰Ұстаздар, тәрбиешілер және студенттер арасында өткізілетін бұл жарыс наурыз айына дейін жалғасын табады. 🔰Жеңімпаз командаларды дипломдармен және арнайы қомақты сыйлықтармен марапатталады. 🔰Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!

⚜️17 қараша күні Сарыағаш медресе колледжінде Студенттер күніне орай «Қызық өмір студенттік шақ» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл күн студенттердің ең қызықты, естен кетпес кезеңі болып табылатын студенттік шақтың маңыздылығын атап өту үшін ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жастардың арасында достық пен ынтымақтастықты арттыру, студенттік өмірдің ерекшеліктері мен қиыншылықтарына қарамастан, оның қызықты әрі есте қаларлық кезең екенін көрсету мақсатында түрлі көңілді ойындар, қойылымдар мен шығармашылық көріністер өткізілді.⚜️17 қараша күні Сарыағаш медресе колледжінде Студенттер күніне орай «Қызық өмір студенттік шақ» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл күн студенттердің ең қызықты, естен кетпес кезеңі болып табылатын студенттік шақтың маңыздылығын атап өту үшін ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жастардың арасында достық пен ынтымақтастықты арттыру, студенттік өмірдің ерекшеліктері мен қиыншылықтарына қарамастан, оның қызықты әрі есте қаларлық кезең екенін көрсету мақсатында түрлі көңілді ойындар, қойылымдар мен шығармашылық көріністер өткізілді.

🔰Колледждің оқытушы-ұстаздары мен студенттерінің қатысуымен өткен іс-шара атмосферасы жылы әрі көтеріңкі болды. Студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Бұл күні жастарға арналған мотивациялық сөздер, студенттік өмірдің маңызды тұстары