«MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген төрт кітаптың танытымы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген төрт кітаптың танытымы өтті,- деп хабарлайды @muftiyat.kz ресми сайты.ҚР мүфтиятыы рәсімге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған мүфтият ұжымы қатысып, оқырманға жол тартқан «Жәннатпен сүйіншіленген 10 сахаба», «Табыс теориясы (мұсылман мотивациясы)», «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» және «Ораза (әдебі, міндеттері, пайдасы мен артықшылықтары)» кітаптарымен танысты.

🔰«Діни басқарма әрқашан кітап шығару мен баспа қызметіне ұдайы көңіл бөліп келеді. Соңғы екі жыл ішінде төл баспамыздан 54 еңбек жарық көрді. Атап айтсақ, «MUFTIYAT» баспасынан 11 Құран жəне тəпсір, 9 ғылыми жəне тарих кітаптары, 3 Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туралы, 13 қоғамға қатысты кітаптар, сондай-ақ отбасыға қатысты 4 және 14 шариғат кітаптары оқырманға жол тартты.

🔰Бүгін танытымы өтіп отырған төрт кітап та оқырмандар үшін пайдалы, рухани азық болады деген сенімдемін. Осы кітаптардың жарық көруіне атсалысқан азаматтарға, баспа директоры Мұрат Манапұлы мен ұжымына алғысымды білдіремін» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Related Post

Оқу-дала жиындарының ашылу салтанаты.Оқу-дала жиындарының ашылу салтанаты.

Сарыағаш аудандық мектептер мен колледждер арасында 5 күндік оқу-дала жиындарының ашылу салтанаты «№ 12 колледж» МКҚК –ның спорт алаңында 2022 жылдың 27-ші сәуірінде болып өтті. Оқу — дала жиынының басталуын

Түркістан облысында аттестаттау басталдыТүркістан облысында аттестаттау басталды

Биылғы сараптаудан өткізудің тәсілі бұрынғысынан өзгерек. Алып-қашпа әңгімеден аулақ болу үшін дін қызметкерлерінің білім деңгейін таразылауда ашықтықты қалыптастыру қолға алынды. Яки, бұдан былай тест электронды түрде тапсырылады.

Тозақты қалдырып, Жәннәтқа кіретін ең соңғы адам туралы хадисТозақты қалдырып, Жәннәтқа кіретін ең соңғы адам туралы хадис

          Ибн Масғұд (Аллаһ разы болсын ол кісіден) Пайғамбарымыздың (Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) айтқанын былай әңгімелейді: «Меп Оттан шығыпЖәннәтқа кіретін ең соңғыны білемін. Бұл адам оттан еңбектеп шығады, сондаАллаһ Тағала айтады: «Бар да Жәннәтқа кір!»