Жаназа намазы

С: Мәйтке жаназа намаз қалай оқылады?

Ж: Мәйтке жаназа оқитын имам мәйттің кеуде тұсында тұрады. Ал соңындағы жамағатты имам үш сапқа бөліп тұрғызуы абзал. Бірінші ниетпен тәкбир айтылып, «субханәка» дұғасын, соңынан имам екінші рет тәкбир айтып, соңынан «салауат»  оқиды. Кейін  үшінші такбир айтылады, соңынан мәйтке, дүние салған және тірі жүрген мұсылмандарға дұға оқылады. Ол дұға: «Аллаһум – мағфир лихайинәә, уа майитинәә, уа шаахидинәә, уа ғааибинәә, уа кабийринәә, уа сағийринәә, уа зәкаринәә, уа үнсәә – нәә. Аллаһумма  мән ахяйтәһу миннәә фа – әхийһи ъаләл – исләәм, уа мән тауаффайтәһу миннәә фатуффаһу ъаләл имәән. Аллаһумма ин кәәнә (т) мухсинән (ат) фа – зид фий ихсәә – ни – һи (һа), уа ин кәәнә (т) мұсийнән (ат) фа – тажаууаз ъан – һу (һа)»  (дұғадағы жақша ішіндегі сөздер әйел текті мәйтке қосылып жазылатын есімдіктер), кейін төртінші тәкбир айтылып, соңынан екі жаққа сәлем берілумен намаз аяқталады.

С: Балиғат жасына жетпеген жасөспірімнің жаназа намазында қандай дұға оқылады?

Ж: «Аллаһумма ижъәл – һу (һа) ләнәә фратән, уа зүһран. Аллаһумма ижъал – һу (һа) шәәфиъ – ән (атән) уа мұшаффиъ – ән (атән)»  деген дұғаны оқиды.

С: Жаназа намаз тәкбирлерінде қолды көтере ме?

Ж: Жоқ, қол тек бірінші тәкбирде ғана көтеріледі.

С: Жаназа намазға  «жамағаттың» қатысуы шарт па?

Ж: шарт емес. Бұл намазды қиын кезеңде бір кісі немесе бір әйел оқыса да парыз кифая өтеледі.

С: Жаназа намазында не нәрселер шарт және парыз болып саналады?

Ж: Оның шарттары мынадай: Намаз оқушының тұрған жайы мен киімі таза, үлкен және кіші дәретті, жамағат алдындағы мәйіт пәк жуылған болуы керек. Парызы екеу: бірі қиям (яғни тік тұрып оқу) және төрт тәкбир. Бұлардан басқа амалдары сүннет саналады.

С: Бес уақыт намаз оқитын мешітте жаназа намаз оқуға бола ма?

Ж: Мешіт ішінде жаназа намаз оқу – макруһ. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у) жаназаны мешіттің сыртында оқытатын.

С: Жаназаны кімніңі оқығаны абзал?

Ж: Мүмкін болса елбасы, болмаса дінбасы, имам, бұл лауазымдағы адамдар табылмаса мәйіт уәлиі (мәйіттің жақыны)  имамдыққа өтеді.

С: Мәйітке жаназа уәлиінсіз немесе елбасынсыз оқылса, уәлиге намазды қайта оқуды талап етуі дұрыс па?

Ж: Иә, дұрыс.

С: Уәли намазға қатысса, басқа біреудің жаназаны қайта оқуды талап етуіне бола ма?

Ж: Уәли қатысып оқыған намазды қайта оқытуға болмайды.

С: Жаназа оқылмай жерленген мәйіттің үкімі қалай?

Ж: Үш күнге дейін қабірінің басына барып оқуы керек, одан әрі кешіктіруге болмиайды.

Related Post

⚜️25-қазан “Республика күніне” орай медресе колледж шәкірттеріне әр топ бойынша тәрбие сағаттары өткізілді!⚜️25-қазан “Республика күніне” орай медресе колледж шәкірттеріне әр топ бойынша тәрбие сағаттары өткізілді!

⚜️Тәрбие сағатының мақсаты шәкірттерді туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі — туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

Имамдар сертификат алдыИмамдар сертификат алды

2015 жылдың 13-18 сәуір аралығында ҚМДБ-ның ОҚО өкілдігінің ұйымдастыруымен «Сарыағаш медресесі» жанында аудан имам-молдалары Құран, фиқһ, ақида, хадис пәндері бойынша білімдері мен біліктіліктерін жетелдіріп қайтты.