Республикалық медресеаралық Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша Құран Кәрім жарысы өз мәресені жетті.

11-наурыз күні ҚМДБ тікелей қолдауымен Сарыағаш медресе колледжінде Республикалық Медресеаралық Құран кәрім жарысы болып өтті. Ауқымды шараға ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков арнайы қатысып ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің арнайы сәлемін халыққа жеткізді. Сайыс екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде қыздар арасында “3 пара” және “2 пара” және “Құранды мәнерлеп оқудан” жарыс болса, екінші бөлімде ерлер арасында үш номинация: “ 5 пара”, “ 3 пара” , “ Құранды мәнерлеп оқу” бойынша бақтарын сынға салды. Қыздар арасында медресеміздің атынан қатысып мәнерлеп оқу номинацисы бойынша 2-орынды Қабылхан Дариға еншілесе, 2 пара бойынша 3-орынға Оғалиқова Ортиқой шәкіртіміз жайғасты. Ал ерлер арасындағы тартысты бәсекеде 5 пара бойынша бас жүлде Жұмағұл Ырысалды шәкіртімізге бұйырса, 3 пара

номинациясының нәтижесінде 1-орынға Султанов Искандер табан тіреді. Мәнерлеп оқу сайысы бойынша 1-орынды Балтабай Ұлан , 2-орынды Абдукаримов Хусейн еншіледі.

Жеңімпаздарға ҚМДБ Төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің арнайы дипломы және қаржылай сыйлықтар табысталды. Қалған жарысқа қатысқан шәкірттерге де ынталандыру сыйлығы берілді.

Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, қолдау білдірген барша жанашырларымызға өз алғысымызды білдереміз!

Related Post

ҚАСИЕТТІ ЕРЕЖЕП АЙЫНА АРНАЛҒАНҚАСИЕТТІ ЕРЕЖЕП АЙЫНА АРНАЛҒАН

МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА Ережеп – ең ұлық ай. Өйткені, бұл – Алланың айы. Оған дәлел Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) бір хадисінде былай келеді: «Ережеп – Алла Тағаланың айы, Шағбан – менің айым,

Пітір садақасыПітір садақасы

С: Пітір садақаның үкімі не? Ж: Пітір садақа беру күнделікті қажетінен артық, яғни тұратын жайынан, киім-кешегінен, үйіндегі тұрмыстық құрал-саймандардан, көлігінен, арттырған байлығы нисапқа жететін бостандықтағы, мұсылманға парыз.

РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет ұстаздармен кездестіРАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет ұстаздармен кездесті

25.02.2022 ж. Белгілі уазызшы,имам,РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет Сарыағаш медресе колледжі ұстаздар ұжымымен кездесті. Кездесу барысында ұстаздардың еңбек жолындағы жұмыстарымен танысып,дін жолында қызметі жайлы пікір алмасты. Кездесу соңында ұжымға сәттілік тілеп