ҰСТАЗ РАМАЗАН ШӘКІР|ТӘУБЕ ЕТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫҒМЕТІ ЖАЙЛЫ УАҒЫЗ АЙТТЫ

ҰСТАЗ РАМАЗАН ШӘКІР|ТӘУБЕ ЕТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫҒМЕТІ ЖАЙЛЫ УАҒЫЗ АЙТТЫ post thumbnail image

Тәубе сөзінің мағынасы «қайту, оралу» дегенді білдірсе, қолданыстағы шариғи ұғымы «пенделікпен жасаған күнәсына шынайы өкініп, оны қайталамауға бел буу» деген сөз.

Пайғамбарымыз ﷺ хадисінде: «Барлық Адам атаның балалары қателесуші» деп айтылғандай адам баласы қателесуші, бірақ тәубе етуші де болу керек. Өйткені Атамыз Адам (ғ.с.) өз қателігін мойындады, тәубе етіп, Алладан кешірім сұрады. Алайда Оны азғырған шайтан тәубе еткен жоқ, қателігін мойындамады, тәкаппар болды.

Сол сияқты адам баласы өткеніне өкініп, тәубе етсе, Адам (ғ.с.) атасына ұқсағаны, ал тәубе етпесе, шайтанға ұқсап, тәкаппар болғаны.

وَتُوبُوا إِلَى اللَّهِ جَمِيعاً أَيُّهَا الْمُؤْمِنُونَ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ

«Уа, мүминдер! Бақытқа жетіп құтыламын десеңдер, барлығың бірдей Аллаға тәубе етіңдер» («Нұр» сүресі, 31-аят).

Related Post

Ислам дінінің артықшылығы және оның хикметіИслам дінінің артықшылығы және оның хикметі

Расында барлық мақтау әлемдердің Жаратушысы болған Аллаға тән. Оның соңғы елшісі Мұхаммедке с.а.у. және оның отбасына, сахабаларына Алланың сәлемі мен салауаты болсын. Қазіргі кезде исламға әр түрлі сын пікірлер, мүлдем