ҰСТАЗ ЕРКІН КАДИРОВ|ҚҰРАНҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ

Қасиетті Құран Кәрім – он төрт ғасырдан бері мұсылмандар үшін рухани бастама және шабыт көзі. Бұл – Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахи ретінде түсіп, әлі күнге түпнұсқа күйінде сақталған бірден-бір кітап. Әрбір мұсылман үшін һәм жалпы мұсылман үмбеті үшін маңызды.

Осы ретте Құранды оқудың, жаттаудың, ұстанудың, зерттеудің, оған деген үнемі сүйіспеншіліктің, оның аяттарының мағыналары мен құпияларына ой жүгіртудің артықшылығы біз ойлағаннан да көп екендігін айтқымыз келеді.

Құран аяттары – Жаратушының сөзі, сондықтан Алла Тағала оларды адамдар тарапынан жасалуы мүмкін бұрмаланулардан қорғайды. Бұған дәлел ретінде Құрандағы:

«Расында Құранды Біз қорғаушымыз»[1] аятын келтіруге болады.

Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Құран Кәрімді оқудың маңыздылығы жайлы көптеген хадистерінде айтып өткен. Сондай-ақ, «қоштасу құтпасында»: «Мен сендерге егер нық ұстасаңдар еш адаспайтын екі нәрсе қалдырып барамын, ол – Алланың Кітабы (Құран Кәрім) және менің сүннетім»[2] — деп, барша үмметіне аманат ретінде табыстаған.

Related Post

🎓 2025–2026 жаңа оқу жылына дайындық басталды!🎓 2025–2026 жаңа оқу жылына дайындық басталды!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде жаңа оқу жылын сапалы әрі жүйелі ұйымдастыру мақсатында ұжымдық жиын өтті. Бұл алқалы басқосу – жаңа кезеңге тың серпін, нақты жоспар және

Рамазан айын анықтауРамазан айын анықтау

С: Рамазан  оразасы  қалай анықталады? Ж: Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): « Айды көріп ораза ұстаңдар және Айды көріп оразаны ашыңдар, ал аспан бұлтты болып Ай көрінбесе шағбан айын отыз күн етіп