2024-2025 оқу жылына қабылданған талапкерлердің ата-аналарына Сарағаш медресе коледжін таныстру жиыны өті

⚜️Ата-ана мен байланыс орнату, шәкірттердің үлгерімі мен тəртібін заңды өкілдеріне дер кезінде хабардар ету бүгінгі күні білім беру ұйымдарының мақсатты жұмысы.

🔰Дәл осы себепті бүгін 2024-2025 оқу жылына қабылданған жас талапкерлердің ата-аналарына “Сарыағаш медресе колледжін” таныстыру жиыны өтті.

🔰Іс-шараға колледж директоры Дінмұхаммет Абдужаппарұлы, колледж әкімшілігі, топ жетекшілері және жалпы ата-аналар қатысты.

🔰Жиналыста күн тәртібіндегі бірнеше мәселелер қаралды: 1. Ішкі тәртіп ережесі; 2.Кітап және қосымша сабақтар; 3. Тамақтану, күнделікті ас мәзірі сонымен қатар сырттан тамақтану; 4. Форма және телефон өткізу жөніндегі мәселелер қаралды.
Оқу ордасының білім беру бағдарламасындағы жаңа өзгерістер жайында ақпараттар айтылды.

🔰Сондай-ақ ата-аналар тарапынан да қатысушылар сөйлеп, болашақ маман дайындауда ауқымды жұмыстар атқарып жатқан медресе колледж ұжымына алғысын білдірді. Жиын соңында колледж басшысы бəсекеге қабілетті тұлға, дініне, еліне қызмет етер шәкірт даярлауда ата-аналарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Related Post

Білім мен тәрбие егіз ұғымБілім мен тәрбие егіз ұғым

Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл – Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»

Сарыағаш медресе колледжінде 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған іс-шара ұйымдастырылды.Сарыағаш медресе колледжінде 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған іс-шара ұйымдастырылды.

 Осы маңызды мерекеге арналған іс-шара барысында медресе ұстаздарына арнайы сыйлықтар табысталып, ұстаздардың көңіл-күйі көтерілді. Тәтті сыйлықтардан бөлек, ұйымдастырушылар еліміз туралы қызықты сұрақтар қойып, ұстаздардың білімдерін жаңартып, көңілдерін сергітті. Мұндай шаралар

ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі, Ғазиз АхметҚМДБ-ның РАНТ мүшесі, Ғазиз Ахмет

Ассалаум алейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ Құрметті жамағат! 2022 жылдың 25 ақпанында, яғни Жұма күні Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы “Сатыбалды Әбішұлы” мешітінде белгілі ғалым, ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі, Ғазиз Ахмет ұстаздың