1 мамыр Бірлік күні!

Дінаралық және ұлтаралық түсіністік – Ислам дінінің негізгі жолының бірі. Алла тағала Құран Кәрімде «Сіздерді біз бір атадан, бір анадан жараттық, бір-біріңмен танысып, білісу үшін түрлі ұлттарға, руларға бөлдік» дейді.

Барша мұсылман бір-біріне туыс, бауыр. Сонымен қатар, көршімен және басқа да діндегілермен өзара қарым-қатынас сияқты мәселелердің жол-жобасы бізге белгіленіп берілген.

Қасиетті кітабымыз Құранда бірлік туралы көп жерде баяндалған. Соңғы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде де адамзаттың ауызбіршілігі уағыздалған. Алла Тағала «Әли Имран» сүресінде: «…Бөлінбеңдер», – деп бұйырған.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «…Көпшілікпен бірге болыңдар! Бөлінуден сақтаныңдар», – деп өсиет еткен. Дін ғұламалары қашан да барша адам баласын мейірімділікке, ортақ мақсатқа үндеген. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да өз кезегінде жамағатты әркез бірлікке шақырып, жақсылыққа үндеп келеді.

Related Post

⚜️Студенттер арасындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес — (ары карай — Кеңес) колледждің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бірі.Кеңес өз қызметін Казакстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Кәмелеткетолмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалауысыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңы негізінде атқарады.⚜️Студенттер арасындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес — (ары карай — Кеңес) колледждің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бірі.Кеңес өз қызметін Казакстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Кәмелеткетолмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалауысыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңы негізінде атқарады.

https://www.instagram.com/p/DBLJKYqpQLh/?next=%2F