⚜️17 қараша күні Сарыағаш медресе колледжінде Студенттер күніне орай «Қызық өмір студенттік шақ» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл күн студенттердің ең қызықты, естен кетпес кезеңі болып табылатын студенттік шақтың маңыздылығын атап өту үшін ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жастардың арасында достық пен ынтымақтастықты арттыру, студенттік өмірдің ерекшеліктері мен қиыншылықтарына қарамастан, оның қызықты әрі есте қаларлық кезең екенін көрсету мақсатында түрлі көңілді ойындар, қойылымдар мен шығармашылық көріністер өткізілді.

🔰Колледждің оқытушы-ұстаздары мен студенттерінің қатысуымен өткен іс-шара атмосферасы жылы әрі көтеріңкі болды. Студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Бұл күні жастарға арналған мотивациялық сөздер, студенттік өмірдің маңызды тұстары мен жетістіктері жайында ой-пікірлер айтылып, барлығы бірге мерекені жақсы көңіл-күймен атап өтті.

🔰Мерекелік іс-шараның басты мақсаты – студенттердің бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және жастарға деген құрметті көрсету еді.

https://www.instagram.com/p/DChNLrMNQ3e/?next=%2F

Related Post

🔷🔸Егер де, Сарыағаш медресе колледжіне қол ұшын созамын десеңіз төмендегі реквизиттерді пайдалана аласыз! Алла Тағала жасаған амалдарыңызды қабыл етсін!🔸Jusan bank *KZ83998STB0000928503*БИН *160440012069*💳 KaspiGold:*4400 4301 8541 6424*ИИН: *610924300665*Kaspi +7 (702) 454

БасталдыБасталды

Бүгін Елордада Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармаларының ұйымдастыруымен «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференция өз жұмысын бастады.