⚜️ Белбеу күресі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты

2005–2007 жылы туған юниорлар (ұлдар мен қыздар) арасында өткен Белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында, Алыш классикалық стилі бойынша 100 кг салмақ дәрежесінде жоғары нәтиже көрсеткені үшін Сарыағаш медресе колледжінің шәкірті Жақсығали Еркебұлан жүлделі II орынды иеленіп, ерекше марапатқа ие болды.

Бұл жетістік – шәкірттің табанды еңбегінің, жаттықтырушыларының қажырлы дайындығы мен рухани және дене тәрбиесін қатар алып жүрген білім ордасының айқын жемісі.

Жақсығали Еркебұланды лайықты жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіреміз! 🇰🇿🏆

Related Post

⚜️ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН КЕЛЕСТЕ⚜️ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН КЕЛЕСТЕ

✅Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, ТжКБ бөлімінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 17 наурыз күні Келес ауданында орналасқан №13 колледж базасында «Кәсіби

🔹️ ІІМ “Жүгір немесе өлесің” ойыны туралы таралған ақпаратқа қатысты пікір білдірді🔹️ ІІМ “Жүгір немесе өлесің” ойыны туралы таралған ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желілерде “Жүгір немесе өлесің” сияқты жасөспірімдердің қауіпті ойындары туралы бейнежазбалар таратылуда. Бүгінгі күні біздің елімізде мұндай деректер тіркелген жоқ. Жалпы ағымдағы жылдың 9 айында елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 2,5