⚜️ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН КЕЛЕСТЕ

✅Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, ТжКБ бөлімінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 17 наурыз күні Келес ауданында орналасқан №13 колледж базасында «Кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру жолдары» тақырыбында әдістемелік күн өткізілді.
📌Әдістемелік күннің мақсаты:
Білім беру ұйымдарының директордың орынбасарлары мен педагогтеріне инновациялық-әдістемелік, жобалау және ақпараттық қолдау, кәсіптік жетілдіруді қамтамасыз ету, білім беру сапасын арттыруға қолдау көрсету, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру, оқушылардың тұлғалық дамуын және білім сапасын арттыру жолдарын қарастыру. Оқушылардың өз қабілеттерін анықтауға, әртүрлі мамандықтар туралы ақпарат алуға және саналы түрде мамандық таңдауға көмектесу жолдарын көрсету.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру жолдарын меңгерту жолдары, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру. Ерекше қабілеттілігі бар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастыру.
✅Әдістемелік күнге ТжКББ ұйымдарының директордың оқу ісі, оқу-өндірістік істері жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, жалпы білім беру педагогтері қатысып тәжірибе алмасты
💥Әдістемелік күн өз мақсатына жетті. Қатысушылар арасында тиімді тәжірибе алмасу жүргізіліп, қатысушылардың кәсіби деңгейін арттыруға жағдай жасалды.

Related Post

Мінез құлықтың әлсіздігі иманның әлсіздігіне дәлелМінез құлықтың әлсіздігі иманның әлсіздігіне дәлел

Иман, дүниеден сақтаушы, ұлылықтарға үндеуші. Міне сол үшін Аллаһ пенделерін жақсылыққа шақырып, жамандықтан қашырып жатқан уақытта бұны иманның талабы қылды. Аллаһ Кітабында: «Ей иман келтіргендер» деген сөзі қандай көп, соңынан оларға жүктейтінін

ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАЙЫҚЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАЙЫҚ

Бүгінгі таңда Сарыағаш медресе колледжінде 900 ден астам шәкірт тәлім алуда. Білім жолында берілген садақаның сауабы ілім иесінің өзгеге үйретері, мұра етер мирасы түгесілгенше еш сарқылмайды. Ал ілімнен асқан қазына,

2023-2024 оқу жылына қабылданған жас талапкерлердің ата-аналарына “Сарыағаш медресе колледжін” таныстыру жиыны өтті2023-2024 оқу жылына қабылданған жас талапкерлердің ата-аналарына “Сарыағаш медресе колледжін” таныстыру жиыны өтті

Ата-ана мен байланыс орнату, шәкірттердің үлгерімі мен тəртібін заңды өкілдеріне дер кезінде хабардар ету бүгінгі күні білім беру ұйымдарының мақсатты жұмысы. Дәл осы себепті бүгін 2023-2024 оқу жылына қабылданған жас