⚜️Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтының директоры Сарыағаш медресе колледжінің бітіруші студенттерімен кездесті

🔰2025 жылдың 18-ші сәуірнде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтының директоры, Араб тілінің маманы, Phd доктор Манабаев Бағдат Маханұлы Түркістан облысындағы Сарыағаш медресе колледжінің бітіруші курс студенттерімен жүздесті. Кездесудің басты мақсаты — шәкірттерге рухани бағыт-бағдар беру, діни білімнің маңызын ұғындыру және алда күтіп тұрған өмірлік жолдарына салиқалы ақыл-кеңес айту болды.

🔰Іс-шара барысында Бағдат Маханұлы медресе қабырғасынан түлеп ұшқалы тұрған жастарға діни ілімді терең меңгерудің, оны қоғам игілігі үшін жұмсаудың маңыздылығын атап өтті. Ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі бағыттары, қазіргі заманғы дін қызметкерінің миссиясы және діни оқу орындары арасындағы сабақтастық жайлы кеңінен әңгімеледі.

🔰Кездесу барысында ол былай деді:

«Ислам — білімге ерекше мән берген дін. Ал сіздер, қадірлі шәкірттер, осы ұлы жолда алғашқы қадамдарыңызды жасап отырсыздар. Медресе қабырғасында алған ілім — рухани капиталыңыз. Ендігі мақсат — осы білімді ұмытпай, үнемі дамытып отыру, халқымыздың игілігі жолында қызмет ету.»

Сонымен қатар, Бағдат Маханұлы шәкірттерге ислам институтының тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігі, оқу бағдарламасы, ұстаздар құрамы және шәкірттерге жасалып жатқан мүмкіндіктер туралы да мәлімет берді. Институттың мақсаттарының бірі — иманды, білімді, ұлтжанды діни мамандарды даярлау екенін баса айтты.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өмірлік және діни тақырыптарда кеңес алды. Сұрақ-жауап бөлімі өте тартымды әрі пайдалы өтті. Бағдат Маханұлы шәкірттерге болашақта ислам институтында білімдерін жалғастыруға болатынын айтып, талапкерлерді ынталандырып, бағыт көрсетті.

Соңында, Сарыағаш медресе колледжінің басшылығы институт директорына алғыс білдіріп, осындай кездесулердің жастардың рухани тәрбиесіне тигізер пайдасы зор екенін атап өтті.

https://www.instagram.com/p/DIsybUsMQc0

Related Post

📢📢📢 ЕМТИХАН БАСТАЛДЫ!!!📢📢📢 ЕМТИХАН БАСТАЛДЫ!!!

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде қабылдау емтиханы басталды. Бұл әрбір талапкер үшін маңызды. Себебі бүгінгі еңбек- ертеңгі жетістіктің кепілі. Емтихан екі бағытта жүргізілуде:✏️ Біріншісі шығармашылық. Ол талапкердің

Дұға етудің әдеттеріДұға етудің әдеттері

1.Дәретті болу,яғни таза болу. 2.Дұғаны жасағанда әуелі Аллаға мақтау айтып бастау. 3.Тілекті үш қайтарадан айту. 4.Құбылаға бет қарату.

“Рамазан айының құндылығы” тақырыбында уағыз насихат!“Рамазан айының құндылығы” тақырыбында уағыз насихат!

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Д.Сманов 29.03.2022 ж колледж шәкірттеріне “Рамазан айының құндылығы” тақырыбында уағыз насихат айтты.Рамазан – исі мұсылман қауымы үшін қасиеті ерекше айлардың бірі. Бұл айда барша мұсылман баласы