⚜️Сарыағаш медресе колледжі ұжымы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін жоғары дәрежеде атап өтті. Наурыз мерекесінің бет пердесін ауыл ақсақалы Халқожа Мұзаппарұлы, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исақов Ергеш Палқожаұлы, Жарты төбе ауылдық округі әкімінің орынбасары Мүсірәлі Мұсабекұлы, Сарыағаш медресе колледжінің диреткоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлы ашып берді. Сонымен қатар арнайылап діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры — Малгараева Зауре Боранкуловна, діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің аға сарапшысы — Аубакиров Серик Сандибекович, діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің жетекшісі — Абишева Зауре Базарбаевна, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбилдаұлы да қатысты. Ұлыстың ұлы мерекесіне орай арнай киіз үйлер тігіліп, наурыз көже пісіріліп, дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдары тарту етілді. Іс-шара барысында қазақ халқының ұлттық ойыны арқан тартыс, асық, ләнгі тебу, гір тасын көтеру, қол күресі ойындарынан жарыстар болып өтті. Жеңімпазадар колледж директорының арнайы мадақтама қағазы және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

https://www.instagram.com/p/DIBJsWqMdd5

Related Post

НАШАҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІНАШАҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

Қазіргі күні қоғамды толғандырған мәселенің бірі — нашақорлық. Есірткіге әуестенушілердің көбеюі әлем жұртшылығын қатты алаңдатып отыр. Осы қоғамдық дерттің алдын алу, оның шырмауына жастардың түсіп қалмауы үшін студенттерімізге түсіндіру жұмыстары