⚜️Сарыағаш медресе колледжіне келген Ғұламалар кеңесінің мүшесі, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директорының орынбасары, қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты Төреәлі Еділбайұлы Қыдыр ұстаз оқу ордамыздың ұстаздарымен де кездесу жиынын өткізді.

🔰Ұстаздарымызға Ислам дінінің Қазақстанға келу тарихы жайында құнды деректермен бөлісті.

🔰Сондай-ақ Қазақ даласындағы наным-сенімдер, Исламның ең алғаш келу жолдары, сол жылдары исламның кең етек алуы сынды тақырыпта сөз қозғалып, арнайы LED экранда шолу жасалды.

🔰Сұхбат барысында өзге де маңызды, қазіргі таңда өзекті тақырыптар турасында әңгіме өрбітіп, ұстаздарда өз ойларын, пікірлерін ортаға салды.

🔰Өз біліктілігін ұстаздарымызбен бөліскен Төреәлі Еділбайұлы ұстазға Алла разы болсын!

Related Post

Ақпараттық насихат тобы медреседеАқпараттық насихат тобы медреседе

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобы (РАНТ) өз жұмысын Оңтүстік Қазақстан облысында бастап кетті.

1 Мамыр құтты болсын!1 Мамыр құтты болсын!

Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, ағайын! 1 мамыр құтты болсын!

⚜️Бүгін Сарыағаш медресе колледжі шәкірттерінің арасында “Менің Отаным Қазақстан” атты эссе байқауы болып өтті.⚜️Бүгін Сарыағаш медресе колледжі шәкірттерінің арасында “Менің Отаным Қазақстан” атты эссе байқауы болып өтті.

🔰Бұл шығармашылық сайыстың мақсаты жастарды отанға деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа үйрету еді. Шәкірттер эссе жазу барысында өздерінің бойындағы белсенділіктерін көрсетті. 🔰Атсалысқан оқушыларға шығармашылық табыстар тілей отырып, төмендегі оқушыларды ерекше марапатталды, олар: