⚜️Сарыағаш медресе колледжінде өткен «Кітапты сыйға тарту» 

⚜️Сарыағаш медресе колледжінде өткен «Кітапты сыйға тарту» акциясы білім мен ғылымды насихаттаудың, сондай-ақ кітапқа деген сүйіспеншілікті арттырудың маңызды шараларының бірі болды. Бұл іс-шараға Сарыағаш аудан әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбилдаұлы, Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Сарыағаш медресе колледжінің директоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлы, сондай-ақ Түркістан облысы «Фараб» ғылыми әмбебап кітапханасының қызметкері Дана Қыдырбекқызы қатысты.

🔰Акцияның мақсаты – жастарды кітап оқуға ынталандыру, олардың рухани байлығын арттыру, білімге деген қызығушылықтарын ояту болды. Қатысушылар кітаптарға деген құрметті арттырудың және білім беру мекемелерінің арасында тығыз қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын атап өтіп, кітаптардың жастар үшін ең жақсы сыйлық екенін атап өтті.

🔰Шара барысында кітаптарды тарту ету мен кітапхана қорын толықтыру туралы сөз қозғап, әрбір азаматтың білімге деген жауапкершілігін ұғындыратын маңызды әңгімелер болды. «Кітапты сыйға тарту» акциясы жастардың білімге деген қызығушылығын оятып, олардың рухани дамуына үлес қосатыны сөзсіз.

https://www.instagram.com/reel/DCmAEJGtuLu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Related Post

⚜️Сарыағаш медресе колледжінде 2024 жылғы 18- 22 қараша аралығында колледж білім алушыларына “Біз Қазақстанның болашағымыз” ұранымен апталық өтті.⚜️Сарыағаш медресе колледжінде 2024 жылғы 18- 22 қараша аралығында колледж білім алушыларына “Біз Қазақстанның болашағымыз” ұранымен апталық өтті.

🔰Апталықта Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани- адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыруды дамыту көзделе отырып, құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізілді. 🔰20- Қараша күні ДТІЖО

“Хадис әдістемесі” пәнінен ашық сабақ болып өтті.“Хадис әдістемесі” пәнінен ашық сабақ болып өтті.

08.02.2022 күні Сарыағаш медресе колледжінің 13-11-01 тобында “Хадис әдістемесі” пәнінен ашық сабақ болып өтті. Сабақты арнайы пән мұғалімі Балтабаев Алишер ұстаз жүргізді. Ашық сабақ сайыс форматында ұйымдастырылды. Стунденттер үш топқа