⚜️Сарыағаш медресе колледжінде қорытынды емтихан басталды

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты, еліміздегі беделді діни оқу орындарының бірі – Сарыағаш медресе колледжінде 2024–2025 оқу жылының бітіруші түлектері үшін маңызды әрі жауапты кезеңнің шымылдығы түрілді. Студенттік өмірдің соңғы сатысына қадам басқан шәкірттер қорытынды емтихан тапсыруға кірісті.

Сарыағаш медресе колледжі – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы діни оқу орындарының бірі ретінде өз беделін жоғары деңгейде сақтап келе жатқан білім ордасы. Бұл мекеменің қабырғасынан түлеп ұшқан мыңдаған түлек бүгінде еліміздің әр аймағында елге қызмет жасап, ұстаз, діни қызметкер ретінде халқымыздың рухани өсуіне қызмет етуде.

Бұл емтихан – тек білім тексерісі ғана емес, сонымен қатар жүректегі иманның, көкіректегі рухани тазалықтың, сананың сергектігінің де сыналар шағы. Түлектерге сәттілік пен жеңіс тілей отырып, олардың болашақта халқымыздың рухани өмірінің шырақшыларына айналуына тілектеспіз.

Related Post

Хайз, Нифас және Истихаза етекірлеріХайз, Нифас және Истихаза етекірлері

С: Хайыз етеккірі не нәрсе? Ж: Алла тағала әйелдерге жатырынан қан келіп тұруды жазған. Жалпы әйел затында бұл қан ай сайын келеді. Бұл қан шариғат тілімен хайыз етеккірі деп аталады.

Үлкен жақсылықҮлкен жақсылық

Бір күні бір кісі үйінің есігін ашқанында полициялар тұрғанын көреді. Қобалжып: — Бірдеңе керек пе еді?- деп сұрайды. Комиссар: — Үйіңізді тонаған ұрыны ұстадық, -деп жауап береді. Әлгі кісі шамалы

Бітіруші 2015Бітіруші 2015

«Расында, қымбат уақыт жұмсалғандардың ең абзалы және артықша көңіл аударылғандардың ең жоғарысы – Аллаһ жаратқандардың ең жақсысы Пайғамбардан (с.а.с.) жеткен шариғат білімдерімен айналысу. Парасатты адам бұл шариғат білімдерінің белқазығы –