⚜️Мен, Торланбаев Нұрбек Хабибуллаұлы “Сарыағаш медресе колледжі” Жастар ісі бойынша инспекторы, Республика күніне орай жастар арасындағы #RepublicDay бастаған челленджін қабыл алдым.Бүгінгі күні колледжіміздің жастары саясатының дамуына, қоғамдық жұмыстарда белсенді жұмыс жасап келемін.

🔰1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР — нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет ретінде таныла бастады.
2022 жылы Мемлекет басшысы, Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мерекеміз 25 — қазан “Республика күні” деп қайта жаңғыртты! Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркендей берсін!

🔰Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбегіміз табысты, барлық бастамаларымызға сәттілік, ертеңімізге сенімділік тілеймін! Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай берсін!

🔰Аталмыш челледжді еліміздің барша жастарына,ұстаздарына, волонтерлық ұйымдарының көшбасшылары мен студенттеріне және барлық белсенді жастарға жолдаймын.

Related Post

⚜️25-қазан “Республика күніне” орай медресе колледж шәкірттеріне әр топ бойынша тәрбие сағаттары өткізілді!⚜️25-қазан “Республика күніне” орай медресе колледж шәкірттеріне әр топ бойынша тәрбие сағаттары өткізілді!

⚜️Тәрбие сағатының мақсаты шәкірттерді туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі — туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

Сіздердің ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңізСіздердің ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңіз

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис-шарифте: «Сіздердің ең жақсыларыңыз Құранды  үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңіз»-депті. Ендеше мұсылман баласына Құран үйрену ауадай қажет деп айтуға болатын шығар?