⚜️Бүгін, 2025жылдың 12 Сәуірінде, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары өткізілді. Бұл шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті насихаттау, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру және жастарды жауапкершілікке тәрбиелеу.

🔰Тазалық акциясына колледждің ұстаздары мен студенттері белсенді қатысып, колледж ауласын тазалауға шықты. Олар қолдарына күрек, шелек, қоқыс жинау сөмкелерін алып, ауладағы қоқыстарды жинап, өсімдіктерді күтіп-баптауға кірісті. Студенттер мен ұстаздардың ынтымақтастығы мен бірлігі бұл шараның маңыздылығын арттырды. Тазалық жұмыстары барысында олар тек ауладағы қоқыстарды жинап қана қоймай, сонымен қатар экология мәселелері туралы пікір алмасып, табиғатты қорғаудың маңыздылығын талқылады.

🔰Сарыағаш медресе колледжі осындай шараларды тұрақты түрде өткізіп тұруды жоспарлап отыр. «Таза Қазақстан» акциясы – еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастама. Колледж ұжымы мен студенттері бұл акцияға қатысу арқылы өздерінің азаматтық жауапкершіліктерін сезініп, туған жердің табиғатын қорғауға атсалысуда.

🔰Таза орта – таза ойлар мен таза өмір сүрудің негізі екенін

Related Post

ПАРЛАМЕНТТІК САЙЛАУ-2023✅ПАРЛАМЕНТТІК САЙЛАУ-2023✅

Колледж басшылығы және шәкірттер өз дауыстарын берді. Ендігі кезекте жиналған дауыстың нәтижелері арқылы жеңімпазды анықтайтын боламыз!

Шаһид үкімдеріШаһид үкімдері

С: Шаһид үкімі қандай? Ж: Жау қолынан қаза тапқан немесе соғыста алған жарақатының зардабынан көз жұмған немесе мұсылмандар қолынан жазықсыз құрбан болып, оның өліміне  диа (құн) уәжіп болмаған мұсылман шаһид