⚜️Бүгін Сарыағаш медресе колледжіне ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің белсенді мүшесі, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директорының орынбасары, қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты Төреәлі Еділбайұлы Қыдыр ұстаз арнайы іс-сапармен келді.

⚜️Бүгін Сарыағаш медресе колледжіне ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің белсенді мүшесі, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директорының орынбасары, қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты Төреәлі Еділбайұлы Қыдыр ұстаз арнайы іс-сапармен келді. post thumbnail image

🔰Іс-сапар барысында Төреәлі Қыдыр ұстаз шәкірттермен кездесіп, Сатыбалды Әбішұлы атындағы ислам орталығында уағыз-насихат жүргізді.

🔰Жиналған шәкірттерге әдеби кітаптардың берер пайдасына тоқталып көбірек оқуға кеңес етті.

🔰Сонымен қатар Төреәлі Ұстаз ханафи мәзһабының өміршеңдігі жайлы және ата-ананың арқалаған үмітін ақтау жолындағы перзенттік борыштары, шәкірттік міндеттері жайында да сүбелі сөз қозғалды.

🔰Айтылған мағыналы уағыз бойынша шәкірттер толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.

🔰Алтын уақытын бөліп, медресе шәкірттеріне құнды дүниелермен бөліскен Ұстаз Төреәлі Еділбайұлына өз алғысымызды білдіреміз!

Related Post

 “ Еңбек күніне” орай шәкірттер медресе ауласына тазалық жүргізді. “ Еңбек күніне” орай шәкірттер медресе ауласына тазалық жүргізді.

⚜️Шәкірттер 28-қыркүйек “ Еңбек күніне” орай республикалық сенбілік шарасына қатысып, медресе аумағына тазалық жүргізді. 🔰Акцияның мақсаты- қоғамның тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту сондай-ақ табиғатты аялау, шәкірттерге қоршаған ортаны қорғау және

Дәретті бұзатын амалдарДәретті бұзатын амалдар

С: Кіші дәрет қашан бұзылады? Ж: Дәрет мынандай әрекеттерге жол бергенде бұзылады. Оларды дәретті бұзатын амалдар дейді.