⚜️Биыл Сарыағаш медресе колледжін жалпы саны бойынша 149 студент “Исламтану”, Имам Хатиб” мамандығы бойынша білім дәрежесін иеленді. Оның ішінде үздік 36 шәкірт, ұлдар бөлімінен 17 студент, қыздар бөлімінен 19 студент қызыл диплом иегері атанды.

🔰Медресе-колледж қабырғасынан түлеп ұшқан шәкірттер колледж директоры ұстаз Дінмұхаммет Абдужаппарұлының қолынан диплом алды.
Алғашқы сөз тізгіні берілген Колледж директоры маңызды күнмен медресе ұжымын құттықтап, жаңа белеске көтерілген шәкірттерге батасын беріп, насихатын айтты

🔰“Расында ұлттық болмысымызда да асыл дінімізде де білім алудың маңызы өте зор. Бұл шаңырақта сіздер тәрбиемен қатар Алланы тану, қасиетті Құранды оқып, жаттап, Ислам ілімін де меңгердіңіздер. Ал ендігі кезекте Қазақ елінің ынтымағы үшін, келешегі үшін қызмет ету керек. Алла осы жерден алған ілімдеріңізді қайырлы, берекелі етсін! “ деп жылы лебізін білдірді.

🔰Сондай-ақ жиынға келген қонақтар мен ұстаздар барша студенттерге жүрек жарды тілектерін жеткізіп, ілім деп аталатын аманатты жүктеді.
Ендеше, жас мамандарға ақ жол тілейміз!

Related Post

Қасиетті үш айлар басталдыҚасиетті үш айлар басталды

Қасиетті үш айдың ішіндегі ражаб (ережеп) айы бүгін басталды.  Бұл ай тәубе, құрмет және ғибадат, ал рамазан жақындық пен нығмет айы болып табылады.

Шәкірттеріміз облыстық турнирде топ жардыШәкірттеріміз облыстық турнирде топ жарды

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы облыс бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жастар арасында «Дебат қозғалысын» дамыту мақсатында 2023 жылғы 1 сәуір күні «Көпсалалы индустриалды-техникалық