⚜️БАС МҮФТИ ПАЛЕСТИНА ЕЛШІЛІГІНЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ

🔰Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Палестинаның еліміздегі елшілігіне арнайы барып, мұсылман мемлекетіндегі ауыр жағдайға байланысты көңіл айтты.

🔰Бас мүфти Палестинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Монтасер Абу Зейд мырзамен кездесіп, мұсылман мемлекеті үшін дұғада екенін жеткізді.

«Алла Тағала қиын жағдайда қаза болған марқұмдарды мейіріміне бөлегей. Жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, бүгін еліміздің барлық мешітінде жұма намазынан кейін имамдарымыз бен келуші жамағат қиын жағдайға ұшыраған Палестина халқы үшін арнайы дұға жасады.

Related Post

Сарыағаш медресе колледжінде жаңа оқу жылы салтанатты жиынмен басталды!Сарыағаш медресе колледжінде жаңа оқу жылы салтанатты жиынмен басталды!

Бүгін, 2025-2026 оқу жылының алғашқы күнінде, колледж директоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлының жетекшілігімен ұжымдық жиналыс өтті. Бұл – жаңа жылға дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі ғана емес, тұтас бір білім маусымының бағдарын айқындаған

Ұлық кәсіптің иесі-ұстаздарға мың алғыс!Ұлық кәсіптің иесі-ұстаздарға мың алғыс!

Елімізде қазанның алғашқы жексенбісі – Мұғалімдер күні. Олай болса бүгінгі күн ұстаздар қауымының төл мерекесі. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухпен тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына

Интеллектуалды спикелер сайысы болып өтті.Интеллектуалды спикелер сайысы болып өтті.

Сарыағаш медресе колледжінің студенттері қыздар арасында шетел тілі(ағылшын) пәнінен «The limits of my language mean the limits of my world», тақырыбында интеллектуалды спикелер сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты студенттерді ағылшын