ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС
«Сарыағаш медресе колледжі» жеке мекемесі
| Педагогикалық кеңестің | Бекітемін: |
| отырысында қаралды және мақұлданды | Колледж директоры |
| Хаттама №1 | ___________Д.А.Сманов |
| «31» тамыз 2024 жыл | «31» тамыз 2024 жыл |
Мақсаты:
1. Оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету сапасының мониторингін ұйымдастыру.
2. Білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмыстарды үйлестіру;
3.Білім беру ұйымдарына жаңа технологияларды, әдістерді, оқыту құралдарын енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
4.Педагогикалық ұжымның әдістемелік әлеуетін жетілдіру бойынша жұмысты үйлестіру;
5.Білім беруді дамыту және оны іске асырудың басым бағыттарын қалыптастыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6.Оқу әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі озық тәжірибені жинақтау және тарату.
Міндеттері:
- Білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын мемлекеттік стандартын, нормативтік құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру жұмыстарын ұйымдастыру.
- Оқу мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту.Жас мамандарға, пән мұғалімдеріне, педагогтік қызметте жекелеген бір мәселелерде қиналатын мұғалімдерге жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностикаланған, сараланған негізде – әдістемелік көмек көрсету;
- Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету;
- Педагог қызметін– әдістемелік тұрғыда талдау, бағалау, көмек көрсету, әдістемелік бірлестіктердегі ғылыми әдістемелік жұмыстардың жандануына педагогикалық ықпал ету, оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін көтеруді әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, әдістемелік кеңес жұмысының мазмұнын, бағыт – бағдарын айқындау, болжам жасау.
Жұмыс бағыты:
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын ескере отырып, жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын сараптауды ұйымдастыру;
- Жекелеген пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын талқылау және мақұлдау;
- Білім беру ұйымдарында оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарау;
- Білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық құжаттардың жобаларын жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау және енгізу;
- Оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде электрондық тасығыштарда және дидактикалық материалдарды әзірлеуді ұйымдастыру;
- Оқу-тәрбие процесін жетілдіруге және педагог қызметкерлерге практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстың әртүрлі нысандарын енгізу мәселелерін қарау;
- Оқытушының басшылығымен білім алушылардың өзіндік жұмысын және білім алушылардың өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері;
- Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу.
Әдістемелік кеңестің жұмыс жоспары
| Жұмыс, қаралатын сұрақтар атауы | Орындау мерзімі | Индикаторлар/соңғы нәтиже | Жауаптылар | ||
| Әдістемелік кеңес №1 | |||||
| 1 | 2024-2025 ТжКБ оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша әдістемелік-нұсқаулық негізінде жұмысты жоспарлау. | Тамыз-қыркүйек | Хаттама | Әдістемелік кеңес мүшелері ЦӘБ меңгерушілері | |
| 2 | Әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарын қарау. | Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, Әдістемелік кеңес мүшелері | |||
| 3 | Оқу пәндері мен кәсіби модульдердің жұмыс бағдарламаларын бекіту | Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Әдіскер | |||
| 4 | Тәлімгерлік және жас маман колледжінің жұмыс жоспары туралы | Әдістемелік кеңес мүшелері | |||
| Әдістемелік кеңес №2 | |||||
| 1 | «Оқу жұмыс жоспарды жазудың әдістемелік негіздері» баяндама. | Қазан-қараша | Хаттама | Әдістемелік кеңес мүшелері | |
| Әдіскер ЦӘБ меңгерушілері | |||||
| 2 | Оқу-әдістемелік кешен және оқытушы портфолиосы туралы. | ||||
| 3 | Пәндер бірлестіктерінің семестрде өтетін апталық іс-шаралардың жоспарын бекіту. | Әдіскер ЦӘБ меңгерушілері | |||
| 4 | Оқытудың белсенді және инновациялық әдістерін қолдану | Презентация | Әдіскер | ||
| 5 | Әр түрлі мәселе | Хаттама | Әдіскер ЦӘБ меңгерушілері | ||
| Әдістемелік кеңес №3 | |||||
| 1 | Оқу-әдістемелік кеңестің, әдістемелік орталықтың, 2024 – 2025 оқу жылының екінші жарты жылдығына арналған жоспарларын бекіту. | Қаңтар-Ақпан | Хаттама Презентация | Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары | |
| 2 | Пәндер біліктілігінің 2 семестрде өтетін апталық іс-шаралардың жоспарын бекіту. | Арнайы пән ЦӘБ меңгерушілері | |||
| 3 | Әр түрлі мәселелер. | Әдістемелік кеңес мүшелері | |||
| Әдістемелік кеңес №4 | |||||
| 1 | Колледждің оқытушыларын аттестациядан өткізу туралы. | Наурыз-Сәуір | Хаттама Презентация | ЦӘБ меңгерушілері Әдіскер | |
| 2 | Оқытудың инновациялық әдісін қолдануда қабілетті студенттерге бағыт беру. | Әдіскер | |||
| Әдіскер | |||||
| 3 | Әр түрлі мәселелер. | ||||
| Әдістемелік кеңес №5 | |||||
| 1 | Аттестатталған педагог қызметкерлердің қызметінің қорытындыларын талдау, нәтижелерін қарау. | Мамыр- Маусым | Хаттама Презентация | Әдістемелік кеңес мүшелері ЦӘБ жетекшілері | |
| 3 | Жазғы сынақ-емтихан сессиясының билеттерін бекіту. | Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары | |||
| Әдістемелік кеңес мүшелері | |||||
| 4 | Әр түрлі мәселелер | ||||
| 5 | ЦӘБ меңгерушілерінің есебі (жылдық). | Есеп | ЦӘБ меңгерушілері | ||
| 6 | Жас оқытушылар мектебінің, әдістемелік орталықтың есебі. | Хаттама | Әдістемелік кеңес мүшелері ЦӘБ жетекшілері | ||
| 3 | 2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік жұмыс жоспарының жобасын қарастыру | Әдістемелік кеңес мүшелері ЦӘБ жетекшілері | |||
| 4 | Әртүрлі мәселелер. |
Директордың оқу-әдістемелік
жұмысы жөніндегі орынбасары_______________________Т.Қалмұратов
Колледж әдіскері:_____________________________Б.Идияева
