ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ-ШӘКІРТКЕ МІНДЕТ

07.09.2022ж Сарыағаш медресе колледжінің директры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы колледж шәкірттеріне «Ұстазға құрмет – шәкіртке міндет» тақырыбы аясында уағыз-насихат айтты.
Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға – деп хакім Абай Құнанбайұлы айтқандай, шындығында ұстаздың алдынан тәлім алмаған адам жоқ. Ата-бабамыз «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы»-деп ұстаздық етудің мәртебесін жоғары бағалағаны секілді, колледж басшысы студенттерге «Ұстазды сыйлау — білім алушының міндетті амалдарының бірі екендігін, оның алдында кішіпейілділік таныту, жүргенде алдына түспеу, есік ашып бірінші кіргізу, жөнсіз сұрақтармен мазаламау, бірінші болып сәлем беру сияқты әдептіліктер жайлы, сондай-ақ мұның барлығы бұрынғы өткен ғалымдардың өз ұстаздарына көрсеткен құрметтерінен алынғандығын тілге тиек етті. Сөз соңында шәкірттерге жаңа оқу жылы пайдалы әрі тиімді болуын, білім жолында толағай табыстарға жетуін, көздеген мұрат — мақсаттарына қол жеткізуін тілеп дұға жасады.

Related Post

Ораза айтыОраза айты

Ораза айт намазы Ораза айт намазы жылына бір рет жиналып оқитын Аллаһ Тағаланың Мұхаммед пайғамбарымыздың  (с.ғ.с) үмметіне ілтипат етіп берген зор нығметі,

⚜️ Белбеу күресі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты⚜️ Белбеу күресі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты

2005–2007 жылы туған юниорлар (ұлдар мен қыздар) арасында өткен Белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында, Алыш классикалық стилі бойынша 100 кг салмақ дәрежесінде жоғары нәтиже көрсеткені үшін Сарыағаш медресе колледжінің шәкірті

Ізімбай ӘбдірақманІзімбай Әбдірақман

2021жыл 20-24 шілдеде, Қырғызстан Республикасында өткен Пенчак Силат бойынша IІ ашық Орта Азия жағажай турнирінде Тайландтағы Азия жағажай ойындарына саралау байынша Сарыағаш медресе колледжінің 3 курс студенті Ізімбай Абдірахман 85+