Құран жарысы

Алла тағала: «Расында Құранды Біз түсірдік, Біз оны қорғаушымыз» («Хижр» сүресі, 9-аят), – десе, сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадис шәріпінде: «Сендердің ең жақсыларың  Құранды үйреніп (жаттап), басқаларға үйреткендерің», – деп айрықша атап көрсеткенін де білеміз. Осыған орай, өткен аптада Шымкент қаласында орналасқан «Ықылас» Қарилар дайындау орталығында жылдағы дәстүрге сәйкес ерлер арасында облыстық деңгейде

  • Бір парадан
  • Бес парадан
  • Он парадан

Құран жарысы болып өтті. Жарыс қорытындысы көпшіліктің алдында шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер салтанатты жағдайда марапатталды. Аталмыш жарыста «Сарыағаш медресесінің» 1-курс студенті Халназаров Ерлан бір парадан екінші орынға ие болды.

Related Post

12 СӘУІР ҒАЛЫМДАР КҮНІ!12 СӘУІР ҒАЛЫМДАР КҮНІ!

Колледж студенттеріне ғалымдар күніне орай қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Сатпаевтың өмір баяны еңбектері жайында видео мәлімет көрсетілді.Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулғани[1] (12 сәуір 1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар

Білім мен тәрбие егіз ұғымБілім мен тәрбие егіз ұғым

Оқу мен тәрбие — егіз, оларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл – Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың