Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры.

Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры. post thumbnail image

19.05.2022 ж.Сарыағаш медресе колледжі студенттерінің қыздар арасында құранның III,II,I парасын жатқа оқу бойынша сайыс болып өтті. Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры. Ол тұтқадан ұстағанды Алла Өзі сақтап, ол нұрға ергендерді Алла Өзі құтқарады. Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Расында, Алла Тағала осы Кітаппен (амал еткен) қауымның (екі дүниеде де) мерейін өсіріп, ал (амал етпеген) қауымның дәрежесін түсіріп, қор қылады» деп айтты». Осы себептен әрі өзімізді, әрі бала-шағамызды Құран Кәрімнің сүйіспеншілігі және көркем ахлағымен безендіруіміз қажет-ақ. Сайысты Төребеков Нұралы, Кадиров Еркін, Жакипов Жүсіпхан ұстаздарымыз төрелік етіп, студенттер арасынан үздіктері анықталды. I -парадан 3- ші орын Турисматова Фатима2-ші орын Сабирова Динара1-ші орын Бауыржан ЖаннатгүлII-парадан3-ші орын Шукралиева Адемай2-ші орын Огаликова Артықай1-ші орын Абдукаримова ФотимабануIII- парадан3-ші орын Мүттан Әмина2-ші орын Огаликова Нафиса1-ші орын Бағытжан ЗейнепСтуденттеріміз өз білімдерін зеректігін анық көрсете алды. Жарысқа қаржылай демеушілік жасаған, елімізге танымал, өнер жолындағы Абдужаппар Алқожа Абдуразақұлы отбасымен келіп жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтарын табыстады.

Related Post

Медицина қызметкерлерімен жиын өткізілді.Медицина қызметкерлерімен жиын өткізілді.

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Д.Сманов 10.02.2022ж күні колледж қызметкерлері мен шәкірттердің денсаулығын сақтау және елдегі пандемияның алдын алу мәселелері бойынша колледж мед қызметкерлерімен жиын өткізді.

Орта азияда теңдесі жоқ мешіт бой көтермекОрта азияда теңдесі жоқ мешіт бой көтермек

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы және наиб мүфти Ораз Серікбай Сатыбалдыұлы, облысымыздың өкіл

⚜️16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай “Байлығымыз да , бақытымызда Тәуелсіздік” атты эссе жазудан 13-11-12 тобы тәрбие сағатын ұйымдастырды.⚜️16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай “Байлығымыз да , бақытымызда Тәуелсіздік” атты эссе жазудан 13-11-12 тобы тәрбие сағатын ұйымдастырды.

🔰Шәкірттерге бұл ерекше тәрбие сағаты шығармашылық қабілетін шыңдауға, патриоттық сезімін арттыруға бағытталған. 🔰Барлық топ шәкірттері елге,отанға деген бар сүйіспеншілігін қағаз бетіне жазып,өз ойларын ашық жеткізуге тырысты. Отанына адал ұрпақтарымыз көп