«Қыран»еріктілер Ұйымы тазалы акциясына белсене атсалысты

Елімізде республикалық экологиялық “Таза қазақстан” акциясы жаппай өткізілуде. Елді бірлікке, тазалыққа насихаттайтын «Таза Қазақстан» акциясын өткізуге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми түрде тапсырмасы берілген болатын.Осы орайда, Сарыағаш ауданында бүгін аудандық ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Таза Қазақстан” республикалық акциясы өтті. 

БАҚ өкілдері мен өлкетанушылар қатысқан тазалық іс-шарасына аудан әкімінің міндетін атқарушы Алдияр Қозыбаев, аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттар, ауданның ерікті жастары, ауыл тұрғындары және облыстық мәслихаттың депутаты, «Айғақ Медиа» холдингінің директоры Дулат Әбіш бастаған БАҚ өкілдері мен өлкетанушылар бір кісідей белсене атсалысты.
Ел игіліне арналған игі шараға Сарыағаш медресе колледжінің “Қыран” еріктілер тобы қалыс қалмай тазалық жұмыстарына араласты.

Осылайша аға буынның жастарға көрсеткен үлгі өнегесі ұрпақ сабақтастығының нық қадамдары деп білеміз.

Сарыағаш медресе колледжінің баспасөз қызметі

Related Post

⚜️Сарыағаш медресе колледжінде 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған іс-шара ұйымдастырылды.⚜️Сарыағаш медресе колледжінде 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған іс-шара ұйымдастырылды.

 Мерекелік шараға колледждің оқытушылары мен студенттері қатысып, Тәуелсіздік тақырыбына байланысты түрлі өнер көрсету мен шығармашылық бағдарламалар ұсынылды. Іс-шара барысында тәуелсіздік кезеңіндегі еліміздің жетістіктері мен тарихи маңызы туралы баяндамалар жасалды. Студенттер