Қош келдің әз Наурыз

Наурыз мерекесі қазақ халқы үшін – өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, шығыс халықтарын бір-бірімен табыстыратын қасиетті мейрам! «Бірлік болмай, тірлік болмас», деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Наурыз еліміздің баянды бірлігі мен ұйыған татулығының мерекесі. Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез. «Қош келдің, әз Наурыз мерекесі және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына» орай Сарыағаш медресе колледжінің ұжымы, директор Сманов Дінмұхаммед ұстаздың бастамасымен, Сарыағаш ауданы бойынша Бокс, Қазақ күресі, Панкратион, сонымен қатар Ұлттық ойындардан (асық ойыны, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, арқан тарту, қол күресі) жарыс өткізіп, келген қонақтар және спортшыларға, 1500 адамға мерекелік дастархан жайылып наурыз көже мен ас берілді. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шараға Сарыағаш аудыны ішкі саясат бөмімінің басшысы Қозыбаев Алдияр, ауданның наиб имамы Бижанов Нурмухаммед, Жарты төбе ауылдық округінің әкімі Аширов Абай мырза арнайы ат басын бұрып, өздерінің лебіз тілектерін білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар ауыл әкімі Аширов Абай, колледждің 10 ұстазына Наурыз меркесіне орай Алғыс хат табыстады. Аталған іс-шараға колледжімізден де бірнеше студенттер қатысып, бокс, қазақ күресі, гір тасын көтеру, арқан тартысудан жүлделі орындармен марапатталды.

Related Post

Батыржан Берденұлы студенттерге ислам діні мен адамгершілік құндылықтары туралы уағыз айтты.Батыржан Берденұлы студенттерге ислам діні мен адамгершілік құндылықтары туралы уағыз айтты.

⚜️Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Мансуров Батыржан Берденұлы оқу орнымызға арнайы ат басын бұрып, колледж ұстаздары және студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Батыржан Берденұлы студенттерге ислам діні

⚜️25 Қазан “Республика күні”⚜️25 Қазан “Республика күні”

⚜️25 Қазан “Республика күні” мерекесіне орай «Сарыағаш медресе колледжінде» салтанатты жиын өтті. Аталған іс-шараны колледж студенттері жоғары деңгейде өткізді. Отанын сүйюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт