ҚМДБ: «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасы» қабылданды.

⚜️Бүгін Алматыда өтіп жатқан Республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелеріне арналған семинарда ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасын» таныстырды.

🔰«Біз өткенде арнайы тұғырнаманы бекіттік. Сіздер әртүрлі ортада жүресіздер. Жамағатпен жиі кездесесіздер.

🔰Міне, бұл құжатта адамдармен қарым-қатынас жасағанда көркем мінезбен жауап беру, әдепке сай киіну, адамның абыройына нұқсан келетін дүниеден аулақ болу, әлеуметтік желілерде әдеп сақтау сынды мәселелер қамтылды.

🔰Одан бөлек Діни қызмет туралы заңды басшылыққа ала отырып, ҚМДБ Жарғысы мен қызметтік этиканы сақтау, ҚМДБ бекіткен пәтуаны басшылыққа алу, аудиторияға сай сөйлеу, ақида мәселесінде абай болу, жамағатпен талас-тартысқа бармау сынды мәселелер құжатта қарастырылды.

🔰Сондықтан тұғырнаманы әркез басшылыққа алуларыңызды сұраймын» деді Бас мүфти.

🔰Айта кетейік, «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасы» ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің кезекті мәжілісінде талқыланып, бекітілген болатын.

Related Post

Құран жарысыҚұран жарысы

Алла тағала: «Расында Құранды Біз түсірдік, Біз оны қорғаушымыз» («Хижр» сүресі, 9-аят), – десе, сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадис шәріпінде: «Сендердің ең жақсыларың  Құранды үйреніп (жаттап), басқаларға үйреткендерің», – деп

Ұрлық және тонаушылықҰрлық және тонаушылық

Ұрлық, тонаушылық – өзгенің мүлкін, ақшасын ұрлау, рұқсатсыз алу, күштеп тартып алу, өзгенің меншігін ақысыз (әділетсіз) түрде өз иелігіне өткізу деген сөз.