ҚМДБ: «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасы» қабылданды.

ҚМДБ: «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасы» қабылданды. post thumbnail image

⚜️Бүгін Алматыда өтіп жатқан Республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелеріне арналған семинарда ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасын» таныстырды.

🔰«Біз өткенде арнайы тұғырнаманы бекіттік. Сіздер әртүрлі ортада жүресіздер. Жамағатпен жиі кездесесіздер.

🔰Міне, бұл құжатта адамдармен қарым-қатынас жасағанда көркем мінезбен жауап беру, әдепке сай киіну, адамның абыройына нұқсан келетін дүниеден аулақ болу, әлеуметтік желілерде әдеп сақтау сынды мәселелер қамтылды.

🔰Одан бөлек Діни қызмет туралы заңды басшылыққа ала отырып, ҚМДБ Жарғысы мен қызметтік этиканы сақтау, ҚМДБ бекіткен пәтуаны басшылыққа алу, аудиторияға сай сөйлеу, ақида мәселесінде абай болу, жамағатпен талас-тартысқа бармау сынды мәселелер құжатта қарастырылды.

🔰Сондықтан тұғырнаманы әркез басшылыққа алуларыңызды сұраймын» деді Бас мүфти.

🔰Айта кетейік, «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасы» ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің кезекті мәжілісінде талқыланып, бекітілген болатын.

Related Post

Жастар жылыЖастар жылы

Астанада «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты басталды. Форумға Мемлекет басшысы, Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы органдар басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа

⚜️Бүгін Сарыағаш медресе колледжіне Астана қаласының өкіл имамы және Республикалық “Әзірет Сұлтан” мешітінің бас имамы Ерболат Қажы Нұрылдаұлы келіп, колледж студенттерімен кездесті.🔰Кездесу барысында Ерболат Қажы Нұрылдаұлы шәкірттерге Ілім алудың маңызы, ілім алушылардың негізі міндеттері туралы, оқу жолындағы қиындықтарға төзе білу туралы. Әдеп, ахлақ, ихсан жайлы. Елдін әрқашанда патриот азамат, азаматшасы болудың маңызы туралы уағыз насихат айтты. Сөз соңында, Құрметті жастар, сіздер бүгінгі таңда білімнің шыңына жету үшін үлкен мүмкіндіктерге ие болдыңыздар. Аллаһтың нұрымен, ұстаздарыңыздың қамқорлығымен, әрі өздеріңіздің қажырлы еңбегіңізбен Ілім теңізінің тереңдігіне бойлай аласыздар. Аллаһ ілімдеріңізді нұрландырып, жүректеріңізге сабыр мен түсінік берсін. Ілім жолында сіздерге сәттілік тілеймін — деп ізгі тілегін білдірді.⚜️Бүгін Сарыағаш медресе колледжіне Астана қаласының өкіл имамы және Республикалық “Әзірет Сұлтан” мешітінің бас имамы Ерболат Қажы Нұрылдаұлы келіп, колледж студенттерімен кездесті.🔰Кездесу барысында Ерболат Қажы Нұрылдаұлы шәкірттерге Ілім алудың маңызы, ілім алушылардың негізі міндеттері туралы, оқу жолындағы қиындықтарға төзе білу туралы. Әдеп, ахлақ, ихсан жайлы. Елдін әрқашанда патриот азамат, азаматшасы болудың маңызы туралы уағыз насихат айтты. Сөз соңында, Құрметті жастар, сіздер бүгінгі таңда білімнің шыңына жету үшін үлкен мүмкіндіктерге ие болдыңыздар. Аллаһтың нұрымен, ұстаздарыңыздың қамқорлығымен, әрі өздеріңіздің қажырлы еңбегіңізбен Ілім теңізінің тереңдігіне бойлай аласыздар. Аллаһ ілімдеріңізді нұрландырып, жүректеріңізге сабыр мен түсінік берсін. Ілім жолында сіздерге сәттілік тілеймін — деп ізгі тілегін білдірді.