Қағбада оқылатын намаз

С: Алла тағала Қағбада үйін мұсылмандар үшін құбыла етіп берді. Ал осы қағбаның ішінде намаз оқу дұрыс па?

Ж: Иә, Қағба ішінде оқылған  намаз парыз да, нәпіл де дұрыс саналады.

С: Имам мен оған ұйыған адам бетпе – бет тұрып қалса, намаз қалай оқылады.

Ж: Намазы дұрыс оқылған болып саналады, бірақ макруһ.

С: Ұйыған адам имамға арқасын беріп намаз оқуы дұрыс па?

Ж: Имамның алдына шығып кеткендіктен дұрыс емес.

С: Имам әл – Харам мешітінде Қағбаның сыртында тұрып намаз оқыса, адамдар  Қағбаны айнала қоршап, имамға ұйыса олардың  намаздары дұрыс па?

Ж: Иә, дұрыс.

С: Бұл үкім имамға ұйығандардың бәріне тиісті ме, әлде кейбіріне тиісті емес пе?

Ж: Бұл үкім имам тұрған беткейде имамнан да Қағбаға жақын тұрғанға тиісті емес (яғни, оның намазы дұрыс емес). Өйткені, ол имамның алдына өтіп кетті. Ал имаман басқа беткейде имамнан да Қағбаға жақын  тұрған адамның намазы дұрыс саналады.

С: Қағбаның үстіне шығып намаз оқыса дұрыс бола ма?

Ж: Иә, дұрыс. Бірақ, Қағбаға құрмет көрсетілмегендіктен макруһ.

Related Post

Сарыағаш медресе колледжі шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырдыСарыағаш медресе колледжі шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды

Мұсылмандықтың қырық парызының бірі – білім іздеу. Осыларды басшылыққа алған қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин бабамыз балаларды білімге шақырғанда: «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық», – деп, білімді Алланың атымен бастап,

«Қазнет Дода — 2013» конкурсының жеңімпаздары анықталды«Қазнет Дода — 2013» конкурсының жеңімпаздары анықталды

«Қазнет Дода —  2013» ұлттық интернет байқауы өз мәресіне жетті. Осы бәйгеге  9 номинация бойынша  91 сайт қатысып, біздің сайтымыз діни сайттар арасында 3-ші орынды иеленді.