Қаза ораза

С: Рамазан оразасының қазасын айдан өте, бірден атқару шарт па?

Ж: Шарт емес, қаласа рамазан айының соңынан, қаласа кейінірек ұстайды.

С: Қаза оразаны ұстаймын деп жүргенде қайтадан рамазан келіп қалса не істейді?

Ж: Алдымен жаңа келген рамазан оразасына ұстап, одан кейін бұрынғы ораза қазасын өтейді. Оған фидиа лазым емес.

С: Адам дүние саларда байлығынан фидиа беруді мұрагеріне өсиет етсе, мұрагер не істейді?

Ж: Бұл өсиет етушінің байлығының үштен бірінен өтеледі. Мұрагері оның қаза жіберген әр күніне бір міскінді жарты «саа» бидай немесе бір «саа» арпа немесе бір «саа» құрма көлемінде тойдырады.

Related Post

Мінез құлықтың әлсіздігі иманның әлсіздігіне дәлелМінез құлықтың әлсіздігі иманның әлсіздігіне дәлел

Иман, дүниеден сақтаушы, ұлылықтарға үндеуші. Міне сол үшін Аллаһ пенделерін жақсылыққа шақырып, жамандықтан қашырып жатқан уақытта бұны иманның талабы қылды. Аллаһ Кітабында: «Ей иман келтіргендер» деген сөзі қандай көп, соңынан оларға жүктейтінін

Көрші ақысыКөрші ақысы

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Д.Сманов 15.03.2022 ж колледж шәкірттеріне “Көрші ақысы” тақырыбында уағыз насихат айтты.Асыл дініміз исламда көрші ақысына үлкен маңыз беріледі. Бұл жайында қасиетті аят, хадистерде көп өсиет айтылған.