Шөлден келген шипа – Құрма

Рамазан айының және дастархандардың бас мәзірі болған құрма – жай ғана жеміс емес, ол денсаулық қоймасы. Атап айтқанда:

  • Құрманың құрамындағы фосфор мидың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Шаршағанда жақсы көмектеседі.
  • Құрмада В1 және В2 дәрумендері болады. Бұлар да миды және жүйке жүйесін тынықтырады.
  • Қабығы мен сүйегінде көп мөлшерде дәрумен болғаны үшін, сүйектерін де сорып жүруге кеңес беріледі.
  • Құрма қақырыққа және жөтелге жақсы септігін тигізеді.
  • Қан тамырларын жұмсартады және тамыр қатаюының алдын алады. Одан бөлек қанды тазалайды және қан қысымын да реттейді.
  • Арабтар кофе және басқа да ішетін сусындарымен бірге міндетті түрде құрма жегені үшін, оларда холестерин аз болады.
  • Қуық және бүйрек қабынуында шипа болады. Суы бүйрек тастарының ыдырауына өте пайдалы.
  • Қарағай жаңғағымен (кедровый орех) бірге желінетін болса, бауырды тазалайды және қуаттандырады.
  • Құрмада А дәрумені мол болғандықтан көздерді қуаттандырады. Ақшам соқырлығынан (куриная слепота) және басқа да көз дерттерінен қорғайды.
  • Адамның іші өткен кезде және құсқан кезде дене өте көп мөлшерде су, тұз, калий, натрий және глюкоза жоғалтады. Ал құрмада осы элементтердің барлығы молымен бар.
  • Құрманы әрдайым тұрақты жеп жүру геморройдың да алдын алады.

Related Post

ҰСТАЗ ЕРКІН КАДИРОВ|ҚҰРАНҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТҰСТАЗ ЕРКІН КАДИРОВ|ҚҰРАНҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ

Қасиетті Құран Кәрім – он төрт ғасырдан бері мұсылмандар үшін рухани бастама және шабыт көзі. Бұл – Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахи ретінде түсіп, әлі күнге

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми сайтында осы жайында ақпарат жарияланды.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми сайтында осы жайында ақпарат жарияланды.

Сондықтан биіктікте ұшып бара жатқан ұшақ жолаушылары күн толық батқаннан кейін ауыздарын ашады. Ал күннің батуын көру мүмкіндігі болмаса түн қараңғылығы көріне бастаған уақыттан бастап аузын ашқаны дұрыс болады. «Рамазан