Шәкірттерге салтанаты түрде диплом табыстау рәсімі өтті

⚜️Биыл Сарыағаш медресе колледжін жалпы саны бойынша 149 студент “Исламтану”, Имам Хатиб” мамандығы бойынша білім дәрежесін иеленді. Оның ішінде үздік 36 шәкірт, ұлдар бөлімінен 17 студент, қыздар бөлімінен 19 студент қызыл диплом иегері атанды.

🔰Медресе-колледж қабырғасынан түлеп ұшқан шәкірттер колледж директоры ұстаз Дінмұхаммет Абдужаппарұлының қолынан диплом алды.
Алғашқы сөз тізгіні берілген Колледж директоры маңызды күнмен медресе ұжымын құттықтап, жаңа белеске көтерілген шәкірттерге батасын беріп, насихатын айтты

🔰“Расында ұлттық болмысымызда да асыл дінімізде де білім алудың маңызы өте зор. Бұл шаңырақта сіздер тәрбиемен қатар Алланы тану, қасиетті Құранды оқып, жаттап, Ислам ілімін де меңгердіңіздер. Ал ендігі кезекте Қазақ елінің ынтымағы үшін, келешегі үшін қызмет ету керек. Алла осы жерден алған ілімдеріңізді қайырлы, берекелі етсін! “ деп жылы лебізін білдірді.

🔰Сондай-ақ жиынға келген қонақтар мен ұстаздар барша студенттерге жүрек жарды тілектерін жеткізіп, ілім деп аталатын аманатты жүктеді.
Ендеше, жас мамандарға ақ жол тілейміз!

Related Post

⚜️Сарыағаш медресе колледжінде 2024 жылғы 18- 22 қараша аралығында колледж білім алушыларына “Біз Қазақстанның болашағымыз” ұранымен апталық өтті.⚜️Сарыағаш медресе колледжінде 2024 жылғы 18- 22 қараша аралығында колледж білім алушыларына “Біз Қазақстанның болашағымыз” ұранымен апталық өтті.

🔰Апталықта Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани- адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыруды дамыту көзделе отырып, құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізілді. 🔰20- Қараша күні ДТІЖО

күндік оқу дала жиынының қортындысы баршамызды қуантты.күндік оқу дала жиынының қортындысы баршамызды қуантты.

⚜️5 күндік оқу дала жиынының қортындысы баршамызды қуантты. 🔰Нәтиже бойынша Сарыағаш Медресе Колледжі шәкірттері 1 орын алып, жүлдемен оралды.🔰Айта кетелік, Сарыағаш аудандық қорғаныс істер жөнінде біріктірілген бөлім басшысы подполковник Шахирбаев