ХАЗІРЕТІ БАС МҮФТИ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІНДЕ:

адірлі қауым!

Сіздерді күллі мұсылман баласының ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын, ардақты ағайын! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға береке тілеймін. Алла Тағала бәріміздің мерейімізді үстем етсін!

Ораза айт – сый мен сияпатқа, құрмет пен нығметке, шексіз сауапқа бөленетін сәт.

Алла Тағала: «Мен парыз еткен оразаны пенделерiм өтеп, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн…» дейді. Жаратушы Жаббар Иеміз баршамызды екі дүние қуанышы мен нығметіне бөлегей.

Ораза айт мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ пен береке, бірлік пен татулық тілеймін. Алла Тағала сіз бен бізді келесі Рамазанға дейін аман-есен жеткізіп, мол сауапқа кенелуді нәсіп еткей. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әмин!-деп барша қауымға дұға етті.

Related Post

Стамбулдағы тарихи мешітте өрт болдыСтамбулдағы тарихи мешітте өрт болды

Кеше 25 қаңтар күні сағат таңғы 6.30 да Стамбулдағы тарихи жәдігерлердің бірі, Қажы Мустафа –паша мешітінде өрт шықты деп хабарлайды Sozcu.com сайты. Алдымен өршіген отты мешіт имамы көріп қалып өрт

⚜️25-қазан “Республика күніне” орай медресе колледж шәкірттеріне әр топ бойынша тәрбие сағаттары өткізілді!⚜️25-қазан “Республика күніне” орай медресе колледж шәкірттеріне әр топ бойынша тәрбие сағаттары өткізілді!

⚜️Тәрбие сағатының мақсаты шәкірттерді туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі — туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

Ізімбай ӘбдірақманІзімбай Әбдірақман

2021жыл 20-24 шілдеде, Қырғызстан Республикасында өткен Пенчак Силат бойынша IІ ашық Орта Азия жағажай турнирінде Тайландтағы Азия жағажай ойындарына саралау байынша Сарыағаш медресе колледжінің 3 курс студенті Ізімбай Абдірахман 85+