Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы Сарыағаш ауданына іс сапармен келді.

Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы Сарыағаш ауданындағы сапарын «Сарыағаш медресе колледжінен»бастады. Колледжімізге келмес бұрын ұлағатты ұстаз Сманов Абдусаттар Шәкірұлының қабірі басында құран бағыштап дұға жасады. Алғашқы сапарын колледжен бастаған өкіл имам Наурызбай қажы Таған ұлы студенттердің дәрістеріне кірді. Студенттерге тек діни біліммен ғана емес дүние ілімдерінден меңгеруді атап өтті. 21- ғасыр жаңа технологиялар заманы екені ескере отырып компьютерлік сауаттылықтың болуы, кезінде ата-бабамыз дінімізді үйрену үшін парсы, көне түркі шағатай, өзбек тілдерін де сөйлеп қана қоймай жаза да білгендігін тілге тиек етті. Сіздер де орыс, ағылшын тілін меңгеріп, дінімізді  осы тілдер де  жеткізуге  болады деп атап өтті.  Наурызбай қажы Таған ұлы өзі жазып  шыққан «Үміт сәулесі» атты кітабын сыйға тартты.

Өкіл имам орта азияда мұнарасың биіктігі 63 м болатын мешіт құрылысымен танысып, алдағы тәуелсіздік күнінде ашылуын Алладан дұға етіп сұрады.

Сарыағаш  медресе колледжі баспасөзі

 

Related Post

ОҚО-да қариларды іріктеу сайысы өттіОҚО-да қариларды іріктеу сайысы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сәйкес, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша облыстық орталық мешітінде «VI Республикалық Құран жарысына» орай Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қариларды іріктеу туры өтті. Сонымен

Мәскеу Ислам Университетінде фиқһ бойынша сайыс өткізілдіМәскеу Ислам Университетінде фиқһ бойынша сайыс өткізілді

Мәскеудің ислам университетінде Фиқһ бойынша жарыс өткізіліп, жарысқа жоғары оқу орнының  сайысқа түсемін деген талапкерлері, сондай – ақ Рязан қаласы мұсылмандары діни басқармасы, жексенбі мектептерінің тәрбиеленушілері сайысқа түсті.