Түркістан облысында аттестаттау басталды

Түркістан облысында аттестаттау басталды post thumbnail image

Биылғы сараптаудан өткізудің тәсілі бұрынғысынан өзгерек. Алып-қашпа әңгімеден аулақ болу үшін дін қызметкерлерінің білім деңгейін таразылауда ашықтықты қалыптастыру қолға алынды. Яки, бұдан былай тест электронды түрде тапсырылады.
Бұл әдіс бұған дейін сараптаудан өткен мамандардың көпшілігінің көңілінен шықты. Алайда, алғашқы сынақ болғандықтан, компьютер тілін жетік меңгермегендер жаңылысып қалып та жатыр. ҚМБД наиб Мүфти, комиссия төрағасы Алау Әділбаев көштің жүре түзелетініне сенім білдірді.
Түркістан облысынан аттестаттауға сегіз жүзге жуық дін қызметкері қатысады. Алғашқы сараптаудың ашылу рәсімі Сарыағаш медресе-колледжінде өтті. Он алты аудан үшке бөлініп тапсырады. Бүгін-ертең Қазығұрт, Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарының имамдары мен молдалары, ұзын саны 126 адам сынақтан өтеді.
Діни басқарманың бөлім меңгерушісі электронды тестілеудің техникалық ерекшеліктерін түсіндірді, ережесімен таныстырды.
Ақида, фикһ, заң пәндері бойынша 20 сұрақтан бөлінген. Әр сұраққа 20 минуттан берілген. Осы уақыт аралығында жауап нұсқаларын тауып үлгеру керек. Төмен көрсеткіш жинағандарға қайта тапсыру мүмкіндігі бар.
Бір айдан кейін қайта тапсыруда да мөлшерлі балды жинай алмаған имамның не қызметі төмендетіледі, не біржола шеттетіледі. Тестілеуді кімнің қалай тапсырғаны, компьютер базасында сақталады. Бұл іске адами фактор араласа алмайтындықтан, сынақ тапсырушының өзіне білімінің дәрежесі көрініп тұрады.

Сарыағаш медресе-колледжінің баспасөз қызметі

Related Post

ОТАНДЫ СҮЮ ИМАННАНОТАНДЫ СҮЮ ИМАННАН

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Д.Сманов 10.03.2022ж колледж шәкірттеріне “Отанды сүю иманнан” тақырыбында уағыз насихат жүргізді. Туған елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік − әрбір жан үшін аса киелі ұғым, ыстық сезім.

13 жасар Айдын13 жасар Айдын

Рамазан Құран айы болғандықтан қасиетті айдағы жақсы амалдардың бірі – Құран хатым ету. Биылғы жылы Рамазан айының бірінші күнінен бастап Сарыағаш медресе колледжінде колледжіміздің 3 курс шәкірті Махан Айдын тарауық

СТУДЕНТТЕРГЕ 330 ДАНА ҚАСИЕТТІ ҚҰРАН КІТАБЫ ТАБЫСТАЛДЫ!СТУДЕНТТЕРГЕ 330 ДАНА ҚАСИЕТТІ ҚҰРАН КІТАБЫ ТАБЫСТАЛДЫ!

Түрік елінің Қазақстандағы консулдығы және «DIYANET» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «ҚҰТТЫ СЫЙЫМ ҚҰРАНЫМ» атты қайырымдылық шарасына сай «Сарыағаш медресе коледжінің» студенттеріне 330 дана қасйетті Құран кітабы табысталды. Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің