Тігіншінің тәубесі

Бір тігінші Аллаһ достарының бірінен:
— Пайғамбарымыздың «Аллаһ  тағала күнаһар құлының тәубесін, жаны алқымына келгенге дейін қабыл етеді» деген хадис шәрифі туралы не айтасыз?- деп сұрайды. Ол жауап бермей тұрып одан сұрайды:
— Сенің мамандығың не?
— Тігіншімін, киім тігемін.
— Тігіншілікте ең оңай нәрсе не?
— Қайшымен матаны қырқу.
— Қанша жылдан бері бұл іспен айналысасың?
— Отыз жылдан бері.
— Жаның алқымыңа келген кезде матаны кесе аласың ба?
— Жоқ әрине, кесе алмаймын!
— Біраз қиналып, үйреніп және отыз жыл бойы қиналмай істеген ісіңді сол кезде істей алмасаң, өміріңде еш жасап көрмеген тәубені ол кезде қалай жасамақсың? Бүгін күш-жірегің қолыңда тұрған кезде тәубе ет, кейін ол кезде тәубе ете алмауың мүмкін,- дейді. Тігінші осы сөздерден кейін дереу тәубе етті. Салих құлдардан болды.

Related Post

Мәйітті көтеру мен жерлеуМәйітті көтеру мен жерлеу

С: Ер адамдар мәйітті қалай көтереді? Ж: Табытқа салынған мәйітті табыттың төрт шетінен көтереді. Мәйітті көтеріп бара жатқанда сілкілемей жылдам жүру қажет.

⚜️Ұстаздық – ұлық емес, ҰЛЫ МІНДЕТ!⚜️Ұстаздық – ұлық емес, ҰЛЫ МІНДЕТ!

📅 2025 жылдың 30 сәуір күні📍 Сарыағаш медресе колледжінде«Арнайы және кәсіби пәндер» бірлестігінің ұйымдастыруымен«Ұстаздық – ұлы емес, ұлы міндет» тақырыбы аясында өткен онкүндіктіңқорытынды семинары мен №4 әдістемелік кеңес отырысы жоғары

Үзірлінің үкімі.Үзірлінің үкімі.

С: Мұрны тоқтаусыз қанайтын, дене жарасы бітпейтін, зәрі тамып тұратын, желі ұстамайтын адамға қандай үкімдер бар? Ж: олар әр намаздың уақыты үшін дәрет алады, сол алған дәретімен келесі намаз уақытына