Сақтап қойған қырық алтының бар ғой

Әулиелердің ұлыларынан болған хазреті Бахауддин Бұхаридің «рахметуллаһи та’ала алейһ» заманында бір жас жігіт, осы әулиенің есімін естіп қызығады. Өйткені, ол жайында адамдар: «Аллаһтың сүйікті құлы, ұлы әулие кісі, көптеген кереметтері де бар» десетін.
Қатты қызыққаннан оны көргісі келеді. Сол күні ауылынан шығып, осы әулиенің алдына келеді де: «Мырзам! Есіміңізді көп естідім, сізге келуге көп кешіктім,  үзірімді қабыл етіңіз» деп өтінеді.
Әулие қалжыңдап: «Біз оңайшылықпен үзірді қабыл етпейміз. Ол үшін бізге алтын беруің керек» дейді. Мұндай жауапты еш күтпеген жігіт таң қалады. Өйткені қалжыңдап айтқанын түсінбеген еді.
«Менің алтыным жоқ қой» дейді. Сонда әулие: «Үйіңде сақтап қойған қырық алтының бар ғой, соларды алып кел, үзіріңді қабыл етейін» дейді. Жас жігіт «Жарайды мырзам» дейді де, бірден ауылына қайтады. Бұрыннан егіншілікпен айналысу үшін жинап жүрген қырық алтыны бар еді. Соларды алып әкеліп тапсырады. Хазреті Бахауддин Бұхари алтындардың ішінен бір данасын алып, қалғандарын өзіне қайтарып береді. «Қалған алтындармен егіншілікпен айналысарсың» дейді.
Сосын әлгі бір алтынды көрсетіп, «Бұл алтын саған харам жолмен келген. Ал харамда ешқашан береке болмайды» дейді.
Ертеңіне адамдар бұл жігіттен: «Расында сен сол алтынды қайдан алған едің?» деп сұрағанда «Кезінде құмар ойынынан тапқан едім» деп жауап береді.

Related Post

Шынайы сенімШынайы сенім

Атақты ғалым Әбу Бәкір Баррак Құран Кәрім үйрену үшін, баласын медресеге жіберетін. Бір күні баласы медреседен коркыныштан сұп-сұр болып оралады. Мұны көрген хазіреті Әбу Бәкір Баррак:

Кішкентайдан үлкен жауапКішкентайдан үлкен жауап

         Христиан бір адам,мұсылман өлкеге келіп көшеде ойнап жүрген баладан шіркеудің мекен жайын көрсетуін сұрайды. Шіркеуге жеткенде әлгі поп : — Жарайсың , балақай, ертең осында кел

Ұстазын жылатқан жауапҰстазын жылатқан жауап

Мұғалім, бір оқушыдан үлкейгенде кім боласың деп сұрап еді айналасындағы басқа оқушылар күліп мазақ қыла бастады. Себебі басқа оқушылардың жауабы ұшқыш, дәрігер, сот, прокурор дегендер еді. Бірақ бір оқушы ғажайып