Сарыағаш медресе колледжі ұстаздары «Цифрлық сауаттылық: ақпараттық технологиялар негіздері және оларды қолдану» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсына қатысты

⚜️Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты, Сарыағаш медресе колледжі ұстаздары «Цифрлық сауаттылық: ақпараттық технологиялар негіздері және оларды қолдану» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсына қатысты
Сарыағаш медресе колледжінің ұстаздары заманауи білім беру талаптарына сай болу мақсатында «Co-innovation center’” Инновациялық білім орталығының, «Цифрлық сауаттылық: ақпараттық технологиялар негіздері және оларды қолдану» тақырыбы аясындағы біліктілікті арттыру курсына қатысты. Бұл курс білім беру саласында цифрлық технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Курс барысында педагогтер ақпараттық технологиялардың негіздерін, заманауи цифрлық құралдарды қолдану жолдарын, білім беру үдерісіне инновациялық шешімдерді енгізу әдістерін меңгерді. Сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздік ережелері мен деректерді қорғау тәсілдері бойынша тәжірибе жинақтады.
Мақсат – ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттырып, оқыту үдерісін жаңғырту, білім беру сапасын жақсарту. Цифрлық сауаттылық – XXI ғасырдағы маңызды құзыреттердің бірі, ал оны меңгеру болашақ ұрпаққа сапалы білім берудің кепілі болып табылады.
Сарыағаш медресе колледжі ұстаздарының бұл бағытта алған білімі мен тәжірибесі оқу орнында оқушыларды оқытуда жаңа белестерді бағындыруға және заманауи технологияларды қолданысқа енгізуге мүмкіндік береді.

Related Post

“Хадис әдістемесі” пәнінен ашық сабақ болып өтті.“Хадис әдістемесі” пәнінен ашық сабақ болып өтті.

08.02.2022 күні Сарыағаш медресе колледжінің 13-11-01 тобында “Хадис әдістемесі” пәнінен ашық сабақ болып өтті. Сабақты арнайы пән мұғалімі Балтабаев Алишер ұстаз жүргізді. Ашық сабақ сайыс форматында ұйымдастырылды. Стунденттер үш топқа

⚜️”Таза Қазақстан” акциясы аясындатазалық жұмыстары жүргізілді.⚜️”Таза Қазақстан” акциясы аясындатазалық жұмыстары жүргізілді.

🔰 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес еліміз бойынша “ТазаҚазақстан” экологиялык акциясы басталды. 🔰 Қоғам үшін маңызы зор экологиялык іс-шараСарыағаш медресе колледжінде ұйымдастырылды. 🔰 Акциянын, негізгі мақсаты шәкірттеріміздің,сондай-ақ тұрғындардың қоршаған

күндік оқу дала жиынының қортындысы баршамызды қуантты.күндік оқу дала жиынының қортындысы баршамызды қуантты.

⚜️5 күндік оқу дала жиынының қортындысы баршамызды қуантты. 🔰Нәтиже бойынша Сарыағаш Медресе Колледжі шәкірттері 1 орын алып, жүлдемен оралды.🔰Айта кетелік, Сарыағаш аудандық қорғаныс істер жөнінде біріктірілген бөлім басшысы подполковник Шахирбаев