Сарыағаш медресе колледжі ұстаздары «Цифрлық сауаттылық: ақпараттық технологиялар негіздері және оларды қолдану» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсына қатысты

⚜️Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты, Сарыағаш медресе колледжі ұстаздары «Цифрлық сауаттылық: ақпараттық технологиялар негіздері және оларды қолдану» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсына қатысты
Сарыағаш медресе колледжінің ұстаздары заманауи білім беру талаптарына сай болу мақсатында «Co-innovation center’” Инновациялық білім орталығының, «Цифрлық сауаттылық: ақпараттық технологиялар негіздері және оларды қолдану» тақырыбы аясындағы біліктілікті арттыру курсына қатысты. Бұл курс білім беру саласында цифрлық технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Курс барысында педагогтер ақпараттық технологиялардың негіздерін, заманауи цифрлық құралдарды қолдану жолдарын, білім беру үдерісіне инновациялық шешімдерді енгізу әдістерін меңгерді. Сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздік ережелері мен деректерді қорғау тәсілдері бойынша тәжірибе жинақтады.
Мақсат – ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттырып, оқыту үдерісін жаңғырту, білім беру сапасын жақсарту. Цифрлық сауаттылық – XXI ғасырдағы маңызды құзыреттердің бірі, ал оны меңгеру болашақ ұрпаққа сапалы білім берудің кепілі болып табылады.
Сарыағаш медресе колледжі ұстаздарының бұл бағытта алған білімі мен тәжірибесі оқу орнында оқушыларды оқытуда жаңа белестерді бағындыруға және заманауи технологияларды қолданысқа енгізуге мүмкіндік береді.

Related Post

 Құрметті мұсылман бауырлар!Сіздерді Сарыағаш медресесінің шәкірттеріне құрбандық малына үлес қосуға шақырамыз. Құрметті мұсылман бауырлар!Сіздерді Сарыағаш медресесінің шәкірттеріне құрбандық малына үлес қосуға шақырамыз.

✅ Құрметті мұсылман бауырлар!Сіздерді Сарыағаш медресесінің шәкірттеріне құрбандық малына үлес қосуға шақырамыз. 🐂 ірі қара 300 000-500 000тг.🐏🐐қой,ешкі 50 000-100 000тг. Шалған құрбандықтың еті 1000 баланың тамағына, біліміне кетеді. 🤳құрбандығыңыздың

Оқу бойы үздікмедресе командасы тағы да жарады!Оқу бойы үздікмедресе командасы тағы да жарады!

⚜️”18 ҚАЗАН — РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ” ОРАЙ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ДІН ІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН АУДАН КӨЛЕМІНДЕ ДІН ЖАҒЫ КОНФЕТЦИЯ ӨКІЛДЕРІ, ДІН САЛАСЫНДА ЖҰМЫС АТҚАРАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТТІ🔰Аталмыш жарыста

⚜️”Таза Қазақстан” акциясы аясындатазалық жұмыстары жүргізілді.⚜️”Таза Қазақстан” акциясы аясындатазалық жұмыстары жүргізілді.

🔰 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес еліміз бойынша “ТазаҚазақстан” экологиялык акциясы басталды. 🔰 Қоғам үшін маңызы зор экологиялык іс-шараСарыағаш медресе колледжінде ұйымдастырылды. 🔰 Акциянын, негізгі мақсаты шәкірттеріміздің,сондай-ақ тұрғындардың қоршаған