Сарыағаш медресе колледжі шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды

Мұсылмандықтың қырық парызының бірі – білім іздеу. Осыларды басшылыққа алған қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин бабамыз балаларды білімге шақырғанда: «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық», – деп, білімді Алланың атымен бастап, білім алуға насихаттаған.

 Бүгін   Сарыағаш  қаласындағы «Сарыағаш » медресе колледжінің бітіруші шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды. Шәкірттер алдымен  қазақстан тарихы пәнінен сынақтан өткен болса, бүгін Құран, фиқһ, араб тілі пәндерінен тапсырды.  Аталмыш емтиханды мелекеттік аттестаттау коммисиясының төрағасы ҚМДБ-ның діни білім және ғылым бөлімінің маманы Марат Жапасбаев,  Сманов Абсаттар «Сарыағаш медресе колледжінің директоры, Қарақұлов Еркебұлан ОҚО  облыстық орталық  мешітінің найб имамы , Абдиров Айтжан «Шымкент» медресесінің ұстазы, Төребеков Нұралы «Сарыағаш медресе колледжінің оқу бөлімінің меңгерушісі  қабылдады. Аталмыш медресені  2015-2016 оқу жылы табысты бітіріп, мемлекеттік емтихан тапсырған ұл балалар бөлімінен 28 түлектің  алтауы Габдрашев Жанкелді, Умирзаков Нұрсұлтан, Хисаров Хусейн, Тасболат Али, Усипбеков Ербосын, Халдаров Азизбек алтауы «Өте жақсы», 12-сі «Жақсы», қалғаны қанағаттанарлық үлгерім көрсетті. ТМД да теңдесі жоқ қыздар медресесі 2013 жылы ашылып алғашқы шәкірттерін қабылдап еді, бұл күндері сол шәкірттер алғашқы түлек болып отыр. Қыздар бөлімінен 22 қыз тәмамдап 6-ауы  «Өте жақсы» қалғаны «Жақсы» үлгерімінде бітіріп шықты

Бірер күндерде диплом алып, ілім деген аманатты арқалап үлкен өмірге қадам басатын түлектерге  Алла Тағала алдағы жолдарын ашсын деп тілейміз!

IMG_2582IMG_2597

Related Post

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫСАЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

Колледж студенттеріне «Салауатты өмір салтын» насихаттау мақсатында, Саманов Шәкір Ешан атындағы спорт кешенінде I-курс студенттері арасында үстел теннисінен спорттық сайыс болып өтті. Қазіргі таңда үстел теннисі студенттер мен жасөспірімдер арасында

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ЕРЖАН СМАТҰЛЫ ТӨЛЕПОВ САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ЕРЖАН СМАТҰЛЫ ТӨЛЕПОВ САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Кездесу барысында Облыстың бас имамы “Білімнің артықшылығы” жайында уағыз насихат жүргізді. Шәкірттер өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, ұстаздан мардымды жауап алды. Аталған жиын соңында Сатыбалды Әбішұлы атындағы ислам орталығының қызметкерлері және