САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫ СМАНОВ ДІНМҰХАММЕД АБДУЖАППАРҰЛЫ МЕДРЕСЕ ҰСТАЗДАР ҰЖЫМЫНА ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ

Бүгін Сарыағаш медресе колледжінің директры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы ұстаздар ұжымына жиналыс өткізді. 2022-2023 оқу жылында атқарылуы тиіс болған бірқатар жоспарлары мен таныстырды. Жиналыс барысында колледж студенттерін ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі діни ұстаныммен көзқарасқа, отансүйгіштік пен әдептілікке баулу керектігін, сонымен қатар пайдалы әрі сапалы білім нәрімен сусындатуды, заман талабына сай маман даярлау керектігін тілге тиек етті. Сондай-ақ студенттердің араларын бөліп жармауды, барлық шәкіртке бірдей қарым-қатынаста болу керектігін ескертті. Сөз соңында колледж ұстаздарын жаңа оқу жылымен құтықтап, Алла жолында жасап жатқан істеріне берекеттер тілеп, жаңадан келген ұстаздары колледж ұжымына таныстырды.

Related Post

Ай сайынғы шәкіртақы 71 студентке табысталды.Ай сайынғы шәкіртақы 71 студентке табысталды.

2021-2022 оқу жылы Сарыағаш медресе колледжінің ақылы негізінде білім алып жатқан студенттердің үздіктеріне, колледж құрылтайшысы тарапынан тағайындалған, ай сайынғы шәкіртақы 71 студентке табысталды. Жиналыс барысында директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары

ОҚУ ДАЛА ЖИЫНЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІОҚУ ДАЛА ЖИЫНЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Түркістан облысының оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлауды ұйымдастыруды жақсарту және өткізу жөніндегі 2022-2023 оқу жылына арналған негізгі іс-шаралар жоспарын талаптарын орындау және жасөспірімдердің алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту процесінде алған