Сарыағаш медресе колледжіне Германиядан мейман келді

Сарыағаш медресе колледжіне Германиядан мейман келді post thumbnail image

Екхарт Хортсман Сарыағаш медресе  колледжіне арнайы ат басын бұрды. Оны еліміздің діни білім беру жүйесі қызықтырады екен. Колледж ұстаздарымен сұхбаттасып, мемлекеттік грант бөлу жағы мен медреседен басқа қандай мамандықты меңгеруге болатыны жайлы сұрады.

Бұрын тек қана Сарыағаш медресесі болып келген оқу ордасы екі жылдан бері колледж мәртебесіне ие. Мұнда қазір сегіз  жүздей студент бар. Биыл мемлекеттен елу орындық грант бөлінген. Оларға шəкіртақы да тағайындалған. Ал қалған  білімгер колледж есебінен оқуда. Яғни, мұнда сабақ та, тамақ та, жатар орын да тегін. Колледж түлектеріне тек қана имам немесе молда болып қызмет етуі шарт емес. Əрі қарай жоғары оқу орындарында білімін жетілдіріп, мемлекеттік органдар да қалаған мамандығы бойынша жұмыс істейтін болады. Сарыағаш медресе-колледжінің міндеті діни діңгегі мықты буын тəрбиелеп беру.

Екхарт Хортсман   жуырда Кёльнде Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның қатысуымен ашылған мешіт жайында айтты.
Ашылу салтанатында Германия канцлері Ангела Меркельдің өз елінде мейлі мұсылман, не христиан немесе басқа да конфессия өкілдерінің тең құқықты екенін атап өтіпті. Бұл да болса, жергілікті мұсылмандарға тəп-тəуір демеу болғанын тілге тиек етті.

Сондай германиялық қонақ өзі туып-өскен ауылда мұсылмандармен көрші тұрғанын, ол жерде мешіт және медресе болғанын əңгімелеп берді. Кейін ол мұсылман отбасылар басқа қалаға көшіп кеткен соң, мешіттің де, медресенің жабылып қалғанын қынжылыспен жеткізді.

Қашаннан тазалықты сүйетін неміс мейман Сарыағаш медресе-колледжінің тəртібі мен тазалығына дəн риза боп кетті.

Мөлдір Нұрман

Related Post

Өзбекстанның имамдары Сарыағаш медресе колледжінің студенттерімен кездестіӨзбекстанның имамдары Сарыағаш медресе колледжінің студенттерімен кездесті

Бауырлас елдің имамдары Сарыағашқа табан тіреген бойда, алдымен медресе колледжге ат басын бұрды. Шəкірттермен жүздесіп, дін турасында сұхбаттасты. Колледж ғимаратын аралап көрді. Мешіт құрылысымен де танысты.

Орта азияда теңдесі жоқ мешіт бой көтермекОрта азияда теңдесі жоқ мешіт бой көтермек

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы және наиб мүфти Ораз Серікбай Сатыбалдыұлы, облысымыздың өкіл