Колледжде республикалық семинар болып өтті

Колледжiмiзде сәуiр айының 21-22 аралығында «ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР» тақырыбында республикалық семинар өткізілді. Колледж директоры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы семинарға қатысушыларға өз алғысын білдіріп, іс-шараны ашып берді. Семинардың негізгі мақсаты білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытыудың әдіс тәсiлдерiн, әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Кәсіби білім, білік, дағдыны дамыту, педагогтiң жалпы мәдени дамуын, оның тұлғалық көзқарасын және кәсіби маңызды сапаларын жетілдіру. Семинарға еліміздегі медресе колледждерден Ақтөбе, Астана, Үшқоңыр, Хибатулла тарази, Шымкент, Абу бәкір Сыддык, Орал медресе колледжінің білікті де білімді ұстаздары және ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бөлім меңгерушісінің орынбасары Аршабаев Серікбол қатысты. Сонымен қатар Аршабаев Серікбол жоғарыда аталған тақырыптағы семинардың колледждер арасында алғаш рет өткізіліп жатқандығына тоқталып, колледж әдіскері Қалмұратов Темур, Сманова Нұржамал, Рамет Фатима, Жунисова Лаура, Бекен Алмас ұстаздардың арнайы пәндерге арналған әдістемелік нұсқаулықтарына жоғары баға берді. Семинарға келген қонақтар Сарыағаш медресе колледжнiң тыныс-тіршілігімен танысып, ұстаздардың ашық сабақтарына кіріп, пiкiр алмасты. Екі күнге жоспарланған семинар өте қызықты әрі нәтижелі өтті. Семинарға қатысқан ұстаздарға колледж директоры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы арнайы сертификаттар табыстады.

Related Post

Тәулік бойы азан айтылып тұрадыТәулік бойы азан айтылып тұрады

БАӘ математик ғалымдары жаңалық ашты. Олар жер жүзінде тәулігіне 24 сағат бойы 1 минутта тоқтамастан азан айтылып тұратынын дәлелдеді.

Жумадуллаев Мухаммеджан Ергешбайұлы Сарыағаш медресе колледжінің бітіруші түлектерімен кездесті.Жумадуллаев Мухаммеджан Ергешбайұлы Сарыағаш медресе колледжінің бітіруші түлектерімен кездесті.

ҚМДБ-ға қарасты, Түркістан облысы өкілдігі, Түркістан қаласының орталық мешітінің бас имамы Жумадуллаев Мухаммеджан Ергешбайұлы Сарыағаш медресе колледжінің бітіруші түлектерімен кездесті. Кездесу барысында бас имам бітірушілерге діни білім жолының мақсаты елге,