Сарыағаш медресе колледжінде жаңа оқу жылы салтанатты жиынмен басталды!

Бүгін, 2025-2026 оқу жылының алғашқы күнінде, колледж директоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлының жетекшілігімен ұжымдық жиналыс өтті. Бұл – жаңа жылға дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі ғана емес, тұтас бір білім маусымының бағдарын айқындаған тағылымды сәт болды.

Жиын барысында колледж директоры ұлт болашағы – жастарға сапалы білім мен ата-бабамыз ұстанған, салт дәстүрімізбен ұштасқан рухани тәрбие беру жолында атқарылар ауқымды жоспарлармен таныстырды.
– «Білім – нұр, тәрбие – тағылым. Біз білім саласындағы жұмыстарымызды ата-бабамыздың салиқалы жолымен, Әбу Ханифа мәзһабы мен имам Матуруди сенімі негізінде жүргізуге тиіспіз. Өйткені, шәкірт тек пәндік біліммен емес, рухани құндылықпен де сусындауы керек», – деп атап өтті.

Жиналыс аясындағы негізгі тақырыптар:

Білім сапасын арттыру жолдары мен жаңа әдістемелер;

Шәкірттерге жан-жақты қолдау көрсету және тәрбиелік бағытты күшейту;

Ұстаздардың кәсіби дамуы мен тәжірибе алмасу;

Оқу-тәрбие жұмыстарын жаңа деңгейге көтеру стратегиялары.

Жиналыс соңында ұжымға жаңадан қосылған ұстаздар таныстырылып, жылы лебіздер айтылды. Бұл жаңа есімдер – біздің ұжым үшін үлкен қуаныш. Олардың кәсібилігі мен жаңашыл көзқарасы – шәкірттеріміздің болашағына бағыт болары сөзсіз.

Сарыағаш медресе колледжі жаңа оқу жылына жаңа мақсаттармен, нық сеніммен қадам басты.
Біздің басты міндетіміз – елдің ертеңі болатын жас ұрпақтың жүрегіне имандылықтың нұрын, бойына білімнің күшін, санасына парасаттың дәнін себу.

Ұжымдық бірлік – табыстың тірегі. Бірлігі жарасқан, рухы биік ұстаздар қауымы – кез келген қиындықты еңсеріп, үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатын қуатты күш.

https://www.instagram.com/p/DOKt_lyjIkc

Related Post

Сарыағаш медресе колледжінің жаңа ғимараты ашылдыСарыағаш медресе колледжінің жаңа ғимараты ашылды

Сарыағаш медресесін білмейтін жұрт кемде-кем. Сол медресенің жаңа ғимараты ашылады дегенді естіген жұрт тағатсыздана ашылуын күткен еді, енді міне сол күткен ашылуы да болып өтті. Мамыр айының 19-жұлдызында «Сарыағаш» медресе-колледжі

✍ Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды✍ Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне