САЛТ ДӘСТҮРДІҢ ИСЛАМДАҒЫ ОРНЫ

08.02.2022ж атаулы оқу орнының директоры ұстаз Д. А. Смановтың «САЛТ ДӘСТҮРДІҢ ИСЛАМДАҒЫ ОРНЫ» тақырыбында әсерлі уағызы болып өтті. Уағызда оқу орнының шәкірттері ислам құндылықтары мен қазақ салт-дәстүрі арасында әдемі сабақтастық пен үндестік бары туралы түсінік алды.Уағыз барысында медресе колледж шәкірттері өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Медресе колледж директоры жастарымыздың бойында имандылық қасиетін қалыптастыру арқылы оларды енбек сүйгіштікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеуге болатындығын тілге тиек етті .Сөз соңында ұстаз : «Діни түсінігі дұрыс қалыптасқан,діни сауатты жастар – ол дініміздің, дәстүріміздің, мәдениетіміздің болашақта жоғалмауының кепілі»-деп өз сөзін аяқтады.

Related Post

⚜️30 мамыр Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжімізде “Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру” тақырыбы аясында студент жастармен Түркістан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінен келген арнайы маман Байдарбекова Эльмира Садуовна кездесу өткізді.⚜️30 мамыр Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжімізде “Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру” тақырыбы аясында студент жастармен Түркістан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінен келген арнайы маман Байдарбекова Эльмира Садуовна кездесу өткізді.

🔰Кездесудің мақсаты:Студент жастарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу,онымен күресу және оның зардабын түсіндіру болды.Кездесу еркін форматта өтілді.Студенттер тақырыпқа байланысты өздерінің сұрақтарын еркін қойып маманнан тиісті әрі толық жауаптарын алды. 🔰Ары қарай