Пітір садақасы

С: Пітір садақаның үкімі не?

Ж: Пітір садақа беру күнделікті қажетінен артық, яғни тұратын жайынан, киім-кешегінен, үйіндегі тұрмыстық құрал-саймандардан, көлігінен, арттырған байлығы нисапқа жететін бостандықтағы, мұсылманға парыз.

С: Пітір садақаны ккім береді?

Ж: Әр бір мұсылман пітір садақаны өзі үшін, жас балалары үшін және өзге дін өкілдері болса да, қол астындағы  қызметкерлері үшін береді.

С: Балиғатқа жетпеген жас баласы үшін, баласының мал- мүлкінен бере ме, немесе өзінің жанынан бере ме?

Ж: Баланың дәулеті болса содан береді, болмаған жағдайда өзінің қалтасынан береді.

С: Ер кісі әйелі мен балиғатқа жеткен үлкен перзенттері үшін пітір садақа беруі тиіс пе?

Ж: Оның қарамағында болмағанымен де олар үшін өз жанынан беруге тиіс емес. Дегенмен, бергенні жақсы.

С: Пітір садақа беру қашан уәжіп саналды?

Ж: Ол садақа пітір күнінің таңы атқанда – уәжіп.

С: Оның  мұстахаб уақыты барма?

Ж: Иә, пітірді айт намазына дейін беру мұстахаб саналады.

С: Пітір белгіленген күнінен бұрын берудің үкімі қалай?

Ж: Ол да болады.

С: Пітір күнінен кешіктірсе қалай?

Ж: Пітір айт намазынан кешігіп, пітір садақаны бере алмаса оның садақасы мойнына түспейді. Міндетті түрде беруі керек.

С: Пітір садақа кімге беріледі?

Ж: Байлығы нисапқа жетпейтін  міскіндерге беріледі.

С: Берудің сауабы қандай?

Ж: Әбу Дауд Абдулла бин Аббастан (р.а) риуаят екен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у) : «Пітір садақа ұсталған оразаны, сол күндері біліп- білмей айтылған жаман сөздерден  тазалау үшін міскіндерге  тағам ретінде беріледі»,- дейді.

С: Пітір садақаның мөлшері қанша?

Ж: Пітір садақаның мөлшері бидайдан жарты «саа» , арпадан бір «саа».

(1-саа , 3кг 600гр тең келеді)

С: Бұлардан басқа нәрселерден, мысалы: дирһамнан, ақшадан, жүгеріден, күріштен пітір берудің үкімі қандай?

Ж: Бұлардың құнынан да беріледі. Бидай, құрма, мейіз, арпадана басқасынан кем дегенде осылардың бірінің құнымен  пітір садақа беруді ниет етсе болғаны.

Related Post

⚜️Сарыағаш медресе колледжінде өткен «Кітапты сыйға тарту» акциясы білім мен ғылымды насихаттаудың, сондай-ақ кітапқа деген сүйіспеншілікті арттырудың маңызды шараларының бірі болды. Бұл іс-шараға Сарыағаш аудан әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбилдаұлы, Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Сарыағаш медресе колледжінің директоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлы, сондай-ақ Түркістан облысы «Фараб» ғылыми әмбебап кітапханасының қызметкері Дана Қыдырбекқызы қатысты.⚜️Сарыағаш медресе колледжінде өткен «Кітапты сыйға тарту» акциясы білім мен ғылымды насихаттаудың, сондай-ақ кітапқа деген сүйіспеншілікті арттырудың маңызды шараларының бірі болды. Бұл іс-шараға Сарыағаш аудан әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбилдаұлы, Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Сарыағаш медресе колледжінің директоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлы, сондай-ақ Түркістан облысы «Фараб» ғылыми әмбебап кітапханасының қызметкері Дана Қыдырбекқызы қатысты.

🔰Акцияның мақсаты – жастарды кітап оқуға ынталандыру, олардың рухани байлығын арттыру, білімге деген қызығушылықтарын ояту болды. Қатысушылар кітаптарға деген құрметті арттырудың және білім беру мекемелерінің арасында тығыз қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын

Білгенге мешіт деген Құдай үйіБілгенге мешіт деген Құдай үйі

«Білгенге мешіт деген Құдай үйі» деп бабаларымыз базына қалдырғанындай 2019 жылы қарашаның 29 жұлдызында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының, Ынтымақ ауылында «Сатыбалды Әбішұлы атындағы ислам орталығы» ашылды. Көркі көз тартқан, ашылмай